Fake News

What’sApp-та ішінде шегесі бар таблеткалар туралы фейк видео тарады

What’sApp мессенджерінде асқазанның бұзылуына қарсы дәрі-дәрмектің капсуласынан шеге тапқан адамның видеосы тарады. Бұл видео жалған.

 

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!

Видеода көрсетілген «Энтерофурил» дәрісі Қазақстанда сатылады, бірақ капсулалардан шегелер немесе өзге де бөгде заттар табылғаны туралы хабарланбаған.

– «Энтерофурил ®️» дәрілік препараты «капсулалар» түрінде болады, өндіруші Босналек АҚ, Босния және Герцеговина, тіркелген және Қазақстан Республикасында медициналық қолдануға рұқсат етілген (02.03.2017 жылғы ҚР-ДЗ-5№022825, 10.04.2017 жылғы ҚР-ДЗ-5№022904). Комитетке тұтынушылардан, тіркеу куәлігін ұстаушылардан, фармацевтикалық қызмет субъектілерінен, медицина қызметкерлерінен «Энтерофурил ®️» капсуласынан қандай да бір бөгде заттардың табылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ, -деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінен.

Кадрларда дәрі қорабы жазба жасалғанға дейін ашылғанын көруге болады. Демек, автор қаптаманы ашып, капсулалардың құрамын ауыстыруы мүмкін. Желіде блистердің фольгасын білдірмей ашып, таблетканы алып шығып, фольганы сол қалпы қайта жабыстырудың жолдары сипатталған нұсқаулықты оңай табуға болады.

Сондай-ақ, видеода шегенің қаптаманың бір ғана капсуласынан табылғаны күмән тудырады. Техникалық тұрғыдан мұны істеу өте қиын. Видеода көрсетілген «Энтерофурил» препараты Босния мен Герцеговинада орналасқан «Босналек» фармкомпаниясының зауыттарында шығарылады. Бүкіл өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған және бір немесе бірнеше капсуланы алып тастап, олардың ішін бүкіл өндірістік процесті тоқтатпай ауыстыру мүмкін емес.

Қазақстан аумағына әкелінетін дәрі-дәрмек сапасын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының талаптарына сәйкес, шетелден әкелінетін барлық дәрі-дәрмекке нотариалды куәландырылған немесе апостильденген GMP сертификатының көшірмесі қажет.

GMP – (Good Manufacturing Practice; тиісті өндірістік практика) – бұл дәрілік препараттарды, ББҚ, тағамдық қоспалар мен кейбір тамақ өнімдерін өндіруге қойылатын талаптарды айқындайтын халықаралық стандарт. GMP халықаралық стандарты өндіруші компания жауап беруі тиіс барлық талаптарды қамтиды: өндіріс цехындағы температурадан бастап жұмысшылардың киіміне дейін.

Яғни, Қазақстанға әкелінетін барлық дәрі-дәрмектің сапасы сапа мен қауіпсіздіктің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

Қорыта айтқанда, видео авторы қаптаманы өз бетінше ашып, капсуланың құрамын ауыстырған. Ол мұны видеоға түсіріп, вирустық ролик жасау үшін істеген. Дәрі-дәрмек капсуласында бөгде заттар болуы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button