Қазақстандықтарды ірі төлемдер жасаймыз деп қаржы пирамидаларына тартуда
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға қысқа мерзімде несие төлеуге көмектесеміз деп айтылған жарнама тарады. Хабарландыру Gold Rush деп аталатын Telegram каналына апарады. Онда адамдарға 40 мың теңге салып, сол күні 450 мың теңге төлем алу ұсынылады. Мұндай ұсыныстарға сенудің қажеті жоқ.
Желіде инвестициялық трейдингпен айналысатын Gold Rush компаниясы туралы айтылады. Сарапшылар оны алаяқ және сенімсіз компания деп таныды.
Табыс табудың мұндай схемасы бұған дейін айтылып келген әртүрлі қаржы пирамидаларын қолданған схемалармен бірдей.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, қысқа мерзімде қомақты қаржы алу үшін міндетті түрде салым жасау сияқты ұсыныстарға сенудің қажеті жоқ.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде шақырулары тараған түрлі чаттар мен топтарға қосылмау керектігін ескертеді.
Демек, бұл жарнама алаяқтардың ісі, ал Gold Rush жобасының өзі – қаржы пирамидасы болып табылады.