Фейк: «ДДСҰ сайтында пандемия туралы мәліметтер жоқ»
Қазнет пайдаланушылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда, COVID-19 пандемиясы жарияланғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ деп жазуда. Бұл жалған.
Олар порталдың әлемнің әртүрлі елдеріндегі төтенше жағдайларға дайындық туралы бөлімін оқып, осындай қорытындыға келген. Бұл парақшада 2020 жылы әлем елдерінде туындаған ықтимал қауіпті аурулардың жергілікті ошақтары көрсетілген. COVID-19 ауруы тізімде жоқ, өйткені ол 2019 жылы анықталды. ДДСҰ сайтында індет туралы ғылыми мәліметтер, алдын алу, емдеу шаралары, халыққа арналған ұсыныстар берілген бөлімдер, тіпті коронавирус туралы көп тараған жалған мәліметтерді жоққа шығаратын жеке парақша бар.
Порталдың басты бетінде қызыл баннер орналастырылған, оны басып, COVID-19 арналған бөлімдердің толық тізімі ашылады.
Оның жанында әлемде инфекция жұқтырғандардың есептегіші орналасқан. Оны басқанда пайдаланушылар елдер бөлінісінде індетті жұқтырған, қайтыс болған және екпе салдырғандардың санын көрсететін интерактивті карта ұсынылған парақшаға кіреді. Бұл картада Қазақстанның КВИ аурушаңдығының толық және өзекті статистикасы көрсетілген.
Бұл ДДСҰ сайтында пандемия туралы ақпараттың жоқтығы туралы мәлімдеменің жалған екенін дәлелдейді. Порталда індет пен оның алдын алу және емдеу шаралары туралы толық мәліметтер берілген. Порталдағы сырқаттанушылық статистикасы ұдайы жаңартылып отырады.