Fake News

Фейк: «Билл Гейтс, Джордж Сорос және басқа миллиардерлер әлем бойынша жеті миллиардтан астам адамды өлтіруді жоспарлап отыр»

Қазақстандықтар әлемге белгілі миллиардерлер тобы жартылай мифтік «алтын миллиард» адамды ғана қалдырып, бүкіл әлем бойынша жеті миллиардтан астам адамның көзін құртуды жоспарлағаны туралы видеоны талқылауда. Видео авторларының пікірінше, COVID-19 пандемиясы адамзатты жоюға қажет құрал. Әрине, бұл фейк.


Миллиардерлердің қорқынышты жоспарларын «әшкерелейтін» видео осы жылы Роскомнадзор Ресейдегі FakeNews-тің басты дерекөздерінің бірі деп атаған «Царьградтың» YouTube-арнасында пайда болды. Бұл арнадағы роликтер YouTube видео хостингі тарапынан бірнеше рет бұғатталған.

Кадрда жүргізуші биыл Дүниежүзілік Экономикалық Форумда айтылған Жер халқының басым бөлігін жою жоспарлары туралы айтады. Оның сөзінше, идея авторлары ханзада Чарльз бен форум президенті Клаус Шваб.
Шын мәнінде, форумда адамдардың жойылуы туралы айтылмаған. Әңгіме инвестицияларды өзара прогреске бағыттауға және экологиялық бастамаларға көбірек көңіл бөлуге арналған «Ұлы қайта жүктеу» туралы болды.

– Егер қажетті іс-әрекеттерді жасамасақ және экологиялық таза, инклюзивті және тұрақты әлем құрмасақ, онда пандемия көп болады, – деді ханзада Чарльз форумда.
Сондай-ақ, спикерлер бүкіл адамзат үшін маңызды салалар мен өмір сүру құндылықтарын қаржыландыруға назар аударды.

Біз денсаулық сақтау, білім беру және күтім жүйелерін жеткіліксіз қаржыландыруға ешқашан жол бере алмаймыз», – деп мәлімдеді Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының бас хатшысы Шаран Берроу.

Сондай-ақ, видеода 2009 жылдың мамыр айында өткен миллиардерлер мен танымал тұлғалардың «Good Club» клубының жиналысы жайлы айтылды. Видео авторларының пайымдауынша, дәл сол кезде әлем халқын жасанды түрде азайту жоспары құрылған. Алайда бұған дәлел жоқ. Кездесуде экология мен жаһандық экономиканы сақтау мәселелері талқыланды.
Қастандық теорияларында жиі айтылатын «алтын миллиард» тіркесі әдетте, Билл Гейтс, Джордж Сорос, Уоррен Баффет сияқты басқа да қомақты қаржы иелеріне қатысты қолданылады, олар ағылшын тілді кеңістікте іс жүзінде белгісіз және көбінесе қастандық теорияларына арналған орыс тілді сайттарда жиі кездеседі.
Жалпы, белгілі бір әлемдік Үкіметтің бүкіл елдерді жоюды ойластырғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Адамзат вирус пен вакциналар арқылы жойылатыны туралы фейктер біз бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button