Fake News

Манипуляция: «CDC коронавируспен ауырған науқастардың 70%-ы бетперде таққан деп мәлімдеді»

Қазнетте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жүргізген зерттеу нәтижесі коронавируспен ауырған науқастардың 70%-ы бетперде таққанын көрсеткені туралы хабарлама тарады. Шын мәнінде, бұл көрсеткіш контекстен үзіп алынған және маска тағу ауруды жұқтыру ықтималдығын арттыратынының белгісі емес.


Пайдаланушылар талқылап жүрген зерттеуді СDC мамандары осы жылдың қыркүйегінде жүргізген. Оның мақсаты адамдармен тығыз қарым-қатынас жасау және қоғамдық орындарға бару кезінде індетті жұқтыру қаупін анықтау болды. Тәжірибеге екі топ қатысты – қазірдің өзінде COVID-19 жұқтырғандар және ПТР-тест нәтижелері теріс қатысушылардың бақылау тобы.
Қорытынды есепте этникалық, созылмалы аурулар туралы мәліметтер, COVID-19 жұқтырған адамдармен тығыз байланыс, әлеуметтік белсенділік және бетперде тағу туралы ақпарат жазылды.
Кестеге әйкес екі топтың 70%-дан астамы үнемі бетпердемен жүрген. Бірақ осы есепте 42% індетті жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болғандарын айтқан. Қатысушылардың жартысынан көбі достарына, туыстарына және таныстарының үйлеріне барған, ал онда маска тағу қажет болмаған. Зерттеуге қатысқан 107 адам мейрамханаларда түскі ас ішкенін, тағы 21 адам бар мен кофеханаларға барғанын, тамақтану кезінде маскаларды шешіп отырғандарын хабарлаған.
Сонымен қатар, құжатта қатысушылар бетперде тағып жүрген кезде ауруды жұқтырғаны туралы расталған деректер жоқ.
Айта кетейік, CDC әлі де болса, маска тағуды тиімді деп санайды. Ұйымның сайтында жеке қорғаныс құралдарын пайдалану инфекция қаупін төмендететінін растайтын зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Демек, маскалардың тиімсіздігі және олардың вирусты жұқтыру ықтималдығын арттыратыны туралы хабарламалар контекстен үзіп алынған ақпаратқа негізделген манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button