Fake News

Фейк: «Өлімге әкелетін вирус парацетамол таблеткаларында кездеседі»

Қазнет пайдаланушылары P/500 таңбасы бар парацетамолды ішпеуге кеңес береді. Таблеткаларда өлімге әкелетін Мачупо вирусы бар екен. Бұл 2011 жылдан бері желіде көптеген тілдерде таратылып жүрген бұрынғы фейк.

Қорқынышты хабарды алғаш рет 2011 жылы Ангола тұрғындары ойлап тапқан. Ол кезде бұл жаңалықты жергілікті Ұлттық радиодан хабарлағаны айтылған болатын. Кейіннен басқа тілдерге аударылған кезде бұл сөйлем алынып тасталды.

Миф көптеген елдерге тарады. Үндістан мен Англияда хабарламаға денесіне бөртпе шыққан ер мен әйелдің суреттері тіркелді.
Таблеткадағы вирус туралы хабарламалар бірнеше рет теріске шығарылды. Мачупо вирусын Боливияда мекендейтін тышқандар таратады. Бұл елден тыс жерлерде вирустың өршуі туралы хабарланбаған.

Дегенмен, пайдаланушылар фейкті таратуды жалғастыруда. Ол Қазақстанда алғаш рет 2017 жылы тіркелді. Ол кезде «вирусы бар» таблеткалар туралы қауесетті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бас сарапшысы Ғалымжан Мырзахметов жоққа шығарған болатын.

– Қазақстан Республикасында бұл ақпарат жалған деп санаймын. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне телефон арқылы да, жазбаша түрде де мұндай ақпарат түскен жоқ, – деді ол. 

Қорыта айтқанда, парацетамолдың құрамында қауіпті вирус жоқ, ал мұндай хабарламалар – басқа тілден аударылған және Қазақстанға қатысы жоқ бұрынғы фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button