Fake News

Конспирология: «COVID-19 пандемиясы әлем халқын азайту және адамдарға толық бақылау орнату үшін қолдан жасалды»

Әлеуметтік желілерде академик Валентин Катасоновтың коронавирустық пандемия «әлемдік астыртын арнайы операция» деп атап, вакцинацияның басты мақсаты – халықты чиптеу деп мәлімдеген видеосы тарады. Ондағы осы және басқа да тезистерді талдайық.


Катасонов пандемия «ақша иелері» — АҚШ Федералды резервтік жүйесінің негізгі акционерлері қолдан жасаған, жоспарланған арнайы операция дейді.
COVID-19 пандемиясын ешкім жоспарламаған. Ғылыми зерттеулер жаңа коронавирустың пайда болуы табиғи мутацияның нәтижесі екенін дәлелдейді. Көптеген ғалымдардың пікірінше, вирус жануарлардан адамға өткен.
Вирустың қолдан жасалғанына және оның әлем бойынша қасақана таралуына нақты дәлелдер жоқ.
АҚШ Федералды резервтік жүйесі – бұл АҚШ-тың орталық банкі ретінде қызмет ететін мемлекеттік орган. Оны акционерлер емес, президент тағайындап, АҚШ Сенаты бекітетін басқарушы өкілдер кеңесі басқарады.
Федералды резервтік жүйе жаңа ғаламмен «әлемдік үкіметті» құруды жоспарлап отыр деген тұжырым қастандық теориясы болып табылады.
Катасоновтың видеосындағы тағы бір тезисте конспирологияның белгілері бар -Рокфеллер құрған Рим клубы әлемдегі демографиялық процестерді және әлем халқының азаюын бақылайды. Фактчекерлер бұл теорияның пайда болуын 1972 жылы жарияланған Рим клубының «Өсу шегі» баяндамасымен байланыстырып отыр.
Бұл басылымда адамдар санын азайту немесе жою туралы айтылмайды. Онда Массачусетс технологиялық институты зерттеушілерінің математикалық есептері ұсынылған, оған сәйкес адамзат 2100 жылға қарай табиғи жаңартылмайтын ресурстардың көп бөлігі сарқылып, планетаның көптеген тұрғындары үшін әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайлары нашарлайды. Баяндама авторлары Жер бетіндегі адамзат тіршілігінің экологиялық негіздерін нашарлатпау үшін халықтың өсу қарқынын шектеу және қоғамның тұрақты дамуы қажеттілігін атап өтті
Таратылып жатқан видеода Катасонов вакциналарды өлтіруге арналған қару және адамдарды чиптеу құралы деп атайды. Оның айтуынша, вакциналардың ішінде микрочип бар, оның көмегімен әрбір егілген адамды бақылауға болады.
COVID -19 қарсы вакциналар өлтіру қаруы емес.
Керісінше, вакциналар ағзаға ауру мен өлімнің алдын алу үшін вируспен күресуге көмектеседі. Public Health England агенттігі пандемияға қарсы вакцинацияның әсері туралы модельдеуді қолдана отырып жүргізген зерттеуге сәйкес, Ұлыбританияда вакцинация ауру жұқтырудың 7,2 миллионға жуық жағдайы мен 27 мың өлімнің алдын алды.

COVID -19 қарсы вакциналарда микрочиптер жоқ. Бүгінде тері астына енгізуге болатын микрочиптер бар, бірақ инъекцияға арналған инеден өту үшін олар тым үлкен. Олардың көлемі күріш дәнінен сәл үлкенірек, бұл ені 2 мм, ұзындығы 12 мм микросхема салынған шыны капсула.

Фейк: «Коронавирусқа қарсы вакциналарда адамдардың санасы мен эмоцияларын басқаруға болатын чиптер бар»

Демек, Валентин Катасонов өз бейнесінде конспирологиялық мифтер мен фейктерді айтады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button