Фейк: «Қазақстанда сәбилерді өлтіруге рұқсат етіледі»
Telegram мессенджерінде ерте ме, кеш пе Қазақстанда сәбилерді жазасыз өлтіруге рұқсат беретін заң қабылданады деген идея тарады. Ол мұндай заң АҚШ-та қабылданған дегенге негізделген. Бұл олай емес. Неге екенін айтып өтейік.
Алдымен бұл заң АҚШ-тың 52 штатының бірі Калифорнияда ғана талқыланып жатқанын атап өтейік. Онда нәрестелерді қасақана өлтіру туралы сөз жоқ.
Заң жобасында әйелдер жүктілік, түсік түсіру, құрсақтағы ұрықтың өлімі немесе жүктіліктің асқынуы болған жағдайда қылмыстық немесе азаматтық қудалауға ұшырамайды деп айтылған.
Калифорнияда жүктілікті жасанды түрде тоқтату заңсыз болды, алайда бұл норма 20 жыл бұрын қолданылмаған. Алайда, заң бойынша тірі нәресте туа алмаған немесе бала туа алмайтын әйелдерге қатысты қылмыстық және азаматтық істерді қозғауға мүмкіндік берді.
Қазақстанда сәбилерді өлтіруге рұқсат етіледі деп болжауға ешқандай негіз жоқ. Елімізде жүктілікті жасанды түрде тоқтату мәселелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін және медициналық және әлеуметтік көрсеткіштердің тізімін, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзу үшін қарсы көрсеткіштерді бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Демек, Қазақстанда сәбилерді жазасыз өлтіруге рұқсат етілетіні туралы ақпарат – фейк.