Жаңалықтар

Жалған: «COVID-19 қарсы вакцинация – тарихтағы алғашқы жаһандық егу науқаны»

Қазнет қолданушылары COVID-19 – ға қарсы вакцинация – әлемдегі алғашқы жаһандық егу науқаны деген ақпарат таратуда. Хабарлама авторлары COVID-19 пандемиясының қастандық екенін алға тартып, «ойлануға» кеңес береді, себебі өткен пандемия кезінде әлем бойынша адамдар вакцинацияланбаған. Бұл жалған.


Шын мәнінде, әлемдегі жаһандық вакцинация науқандары ұдайы жүргізіледі. Негізінен балалар егіледі, өйткені бала кезде вакциналардың көбі тиімді.
Балаларды қызылша, паротит, қызамық, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, В гепатиті, туберкулез және басқа да ауруларға қарсы вакцинациялау әлемнің 89 елінде міндетті, 32 елде ұсыныс, ал 20 мемлекетте аталған ауруларға қарсы вакцинациялардың болуы мектепке қабылдау үшін міндетті болып табылады. 
Сонымен қатар, балалар арасындағы вакцинация науқандары қазіргі COVID-19 қарсы вакцинацияға қарағанда жаппай жүргізіледі. Мысалы, бүгінгі таңда Жер тұрғындарының 23.6% – ы КВИ қарсы егілді. 2020 жылы халықтың 83% – ы В гепатитіне, 70% – ы қызылшаға, 83% – ы полиомиелитке, 70% – ы қызамыққа қарсы вакциналар алды. 
Қазірдің өзінде COVID-19-ға қарсы иммундауға қарағанда бірнеше есе ауқымды вакцинация науқандары бар.
Сондай-ақ, адамзат тарихында аурулар өршіген кезде жаппай вакцинация бірнеше рет жүргізілген. Мысалы, 1940 жылдардың басында дифтерияға қарсы жаппай иммундау басталды, бұл өлім-жітімді 1940 жылғы 2 480-ден 1957 жылы 6-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 
1960 жылы Мәскеу және Мәскеу облысында 4 000 000 тұрғынды вакцинациялау шешектің өршуін тоқтата алды. 
Әлемде полиомиелитке қарсы да жаппай вакцинация болды, бұл аурудың деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.
Жаппай вакцинация шешекті жоюға және басқа да өлімге әкелетін аурулардың таралуын едәуір төмендетуге септігін тигізді.
Демек, КВИ қарсы егу науқаны тарихтағы жалғыз жаһандық вакцинация деген тұжырым дұрыс емес. Жыл сайын әлем бойынша миллиардтаған адам әртүрлі ауруларға қарсы егіледі. Көптеген мемлекетте иммундау міндетті болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button