Fake News

Фейк: «Гейтс пен Рокфеллердің ата-бабалары бұрын жаппай вакцинация жүргізген»

Қазнет қолданушылары тамыры тереңнен бастау алатын қастандық теориясын талқылауда. Олар Билл Гейтс пен Дэвид Рокфеллердің ата-бабалары бұрын жаппай вакцинация жүргізген және бұл испан тұмауы пандемиясына алып келді деген видеоны таратуда. Кейбіреулердің пікірінше, ол жағдай қазір де болып жатыр, COVID-19 пандемиясы Рокфеллер мен Гейтстің ісі. Бұл теорияны түсіндірейік.


Испан тұмауы пандемиясы 1918 жылы басталып, бір жылдан астам уақытқа созылды. Аурудың қоздырғышы H1N1 тұмауының вирусы болды, ол кейіннен мутацияға ұшырап, d 2009 доңыз тұмауының өршуіне себеп болды. Бұл тәжірибелік жолмен расталған дәлелденген ғылыми факт. 2005 жылы ғалымдар испан тұмауы пандемиясын тудырған вирусты құрылымдады.
1914-1918 жылдары болған Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде доктор Фредерик Л.Гейтс қызметкері болған Рокфеллер институты майданға менигококк пен дизентерияға қарсы дәрі-дәрмек жеткізгені белгілі.
Бұл препараттар вакциналар болмаған, өйткені ол кезде менигококк пен дизентерияға қарсы екпелер әзірленбеген болатын. CDC-тің «Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер, 1900-1998» есебіне сәйкес, 1900 жылға дейін шешек, құтыру, іш сүзегі, тырысқақ және обаға қарсы вакциналар жасалды. Алайда, олар кеңінен қолданылмады. Вакцинация науқандары дамыған елдерде халықтың белгілі бір топтары арасында жүргізілді.
Осындай топтардың бірі сарбаздар болды. Алайда, бұл егу науқандарының испан тұмауы пандемиясын тудыруы мүмкін емес еді, өйткені ол аурудың өзінен әлдеқайда ертерек басталды. Ұлттық денсаулық сақтау институтының (NIH) Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығы (NCBI) 2018 жылы жариялаған құжатқа сәйкес, «шешектің алдын алу бойынша алғашқы ауқымды науқан 1777 жылы континенталды армиямен жүргізілді».
Джонс Хопкинс Университетінің Блумберг Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жариялаған мақалада америкалық әскери қызметшілер 1775-1783 жылдары Америка тәуелсіздігі үшін соғыс кезінде шешекке қарсы вакцинациядан өткендігі айтылған. Содан кейін сарбаздар 1812 жылы Ұлыбританиямен соғыс кезінде, 1846-1848 жылдары Америка-Мексика соғысы, 1861-1865 жылдары азаматтық соғыс және 1898 жылы Испан-Америка соғысы кезінде егілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарбаздарды менингококк инфекциясы мен дизентерияға қарсы вакцинациялаған жоқ, өйткені бұл ауруларға қарсы екпелер болмаған.
А/С менингококк серотоптарына қарсы алғашқы полисахаридтік вакцина тек 1969 жылы ойлап табылды.
Әлем мақұлдаған бактериялық дизентерияға қарсы тиімді вакцина әлі күнге дейін жоқ.  Ғалымдар оны әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасауда.
Фредерик Л. Гейтс пен Билл Гейтстің туыстығы туралы теорияның негізі жоқ. Фредерик Ламонт Гейтс Фредерик Тейлор Гейтстің ұлы болған. Екеуі де Америкада туып-өскен. Фредерик Ламонт 1886 жылы туып, 1933 жылы қайтыс болды.
Билл Гейтстің әкесі Уильям Генри Гейтс екінші, 1925 жылы дүниеге келген. Оны әкесінің — үлкен Уильям Генри Гейтстің құрметіне атаған. Оның Фредерик Ламонтпен байланысы барына ешқандай дәлел жоқ. 
Гейтс сирек кездесетін фамилия емес. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, әлем бойынша шамамен 90 211 адамның тегі осындай. Олардың көбі АҚШ-та тұрады.
Демек, Рокфеллер жүргізген жаппай вакцинация Испан тұмауы пандемиясын тудырды деген теория фейк. Сондай-ақ, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Рокфеллер институтының қызметкері Фредерик Л.Гейтстің Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің ата-бабасы болғандығына ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button