Fake News

Қазнетте сүттегі гипс пен әк туралы ескі фейк тағы да тарады

Әлеуметтік желілерде дүкенде сатылатын пастерленген сүтке бор, әк, гипс және бор қышқылы қосылатыны туралы тағы да жазылды. Бұл баспасөз хабарламасын дұрыс түсіндірмеуден пайда болған ескі фейк.

2016 жылы көптеген ресейлік БАҚ дабыл қақты: олар Россельхознадзор зерттеу жүргізіп, дүкенде сатылатын сүттен гипс, әк, бор қышқылы және бірқатар зиянды қоспалар анықтаған деп жазды. 

Ал Россельхознадзордың өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды. Олар мұндай зерттеулер мүлдем жүргізілмегені және жоғарыда айтылған заттардың ешқайсысы сүттен анықталмағаны жазылған баспасөз хабарламасын шығарды. Ал сайтта жарияланған және бұқаралық ақпарат құралдарында сенсациялық ақпараттардың таралуына себеп болған материал сүтті қолдан жасаудың теориялық ықтимал әдістеріне арналған қол жетімді әдебиеттердегі сілтемелер негізінде әзірленген.

Технолог Сергей Белков Metro тілшісімен сұхбатында сүтке әк, гипс, бор қышқылы және баспасөзде айтылған басқа заттарды қосу мағынасыз екенін айтты. Аз мөлшерде олар сүттің қасиетіне әсер етпейді, ал көп мөлшерде бірден байқалады. Бор қышқылынан сүт іріп кетеді, ал гипс пен әк тұнбаға айналады, өнімнің дәмін бұзып, тіс сықырлайды.

Демек, таралған ақпарат ескі фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button