Fake News

Фейк: «Жағдайлардың 97%-ында химиотерапия тиімсіз»

Instagram-да тараған видеода америкалық натуропат Питер Глидден химиотерапия өмірді сақтамайды деген пікірмен бөліседі. Жағдайлардың 97%-ында ол пайдасыз екен. Глидденнің айтуынша, дәрігерлер қатерлі ісік ауруын емдеуде химиотерапияны ақша әкелетіндіктен ғана қолданады. Бұл өтірік.

Бұл роликтің тарағанына шамамен 10 жыл болды. Питер Глидденнің сұхбаты 2015 жылдың басында тарала бастады. Алайда, Глидден дәрігер емес. Ол натуропат, баламалы медицинаны ұстанады. Глидден 30 жылдан астам уақыт бойы гомеопатиялық дәрі-дәрмек сатып келеді және тек олар ғана адамды емдей алады дейді.

Химиотерапия – бұл арнайы химиялық заттардың көмегімен ағзадағы тез өсіп жатқан қатерлі ісік жасушаларын жоятын емдеу әдісі. Бұл әдіс көбінесе қатерлі ісікті емдеу үшін қолданылады, өйткені химиялық заттар тез бөлініп, көбейетін жасушаларға әсер етеді. Қатерлі ісік түріне қарай қолданылатын әртүрлі препараттар көп.

Америкалық қатерлі ісік институты (NIH) химиотерапия «тез бөлінетін қатерлі ісік жасушаларының өсуін тоқтатады немесе баяулатады» деп түсіндіреді. Бұл әдісті қатерлі ісік ауруын емдеу және оның қайт болу қаупін азайту үшін де, ісік мөлшерін азайту үшін де қолдануға болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісік – бұл дененің кез келген мүшесінде немесе тінінде болуы мүмкін аурулардың үлкен тобы екенін еске салады.

Глидден өзінің сұхбатында химиотерапияның онкологиялық ауруларды емдеудегі пайдасы жоқ екенін айта келе, қандай зерттеуді келтіреді?. Португалиялық фактчекер Viral тергеу жүргізген. Ақпаратты талдай отырып, журналистер 2024 жылы шыққан ғылыми мақала дұрыс түсіндірілмеген дейді. Бұл зерттеуде ғалымдар 5 жылдан кейін аман қалғандардың пайызына шаққанда химиотерапияның емдеу әдісі ретіндегі біртұтас тиімділігін тексерді. Жиналған деректер АҚШ пен австралиялық науқастарға қатысты болды және әртүрлі қатерлі ісіктерге бөлінді.

Зерттеулер көрсеткендей, химиотерапия қолданған кезде пациенттердің өмір сүру деңгейі 5 жылдан кейін АҚШ-та 2,1% және Австралияда 2,3% құрады. Алайда, бұл пациенттердің қалған 97%-ында емдеуден ешқандай әсер болмағанын білдірмейді. Бұл топқа басқа емдік шаралардан немесе аралас терапиядан, оның ішінде, химиотерапиядан өткен адамдар кірді.

Сонымен қатар, зерттеуде 5 жылдан кейін өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары болатын қатерлі ісік түрлеріне мысалдар келтірілген. Мысалы, аталық без қатерлі ісігінде немесе Ходжкин лимфомасы кезінде адамның өмір сүру деңгейі сәйкесінше АҚШ пен Австралияда сәйкесінше, 37,7%- дан 41,8%-ға дейін және 40,3%-дан 35,8%-ға дейін болды.

Айта кету керек, бұл зерттеу жиырма жыл бұрын жарияланған. Демек, оның қорытындысында сол кезден бері пайда болған жаңа препараттар мен емдеу әдістері ескерілмгене.

Соңғы 20 жылда барлық қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім төмендеді. Мысал ретінде АҚШ-ты алуға болады. Мұнда 2000 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда 198,8 өлім тіркелген, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 142 құрады. 2022 жылға қарай қатерлі ісіктен аман қалған адамдардың 70%-ы диагноз қойылғаннан кейін тағы бес жыл өмір сүреді.

АҚШ-тың онколог-хирургі Дэвид Горскидің айтуынша, баламалы медицинаны жақтаушылардың химиотерапия туралы осындай мәлімдемелері жиі кездеседі. Олар әдістің кемшіліктеріне назар аударып, оның тиімділігін төмендетіп, адамдарды шатастырады. Горски Science-Based Medicine журналында бұл туралы үлкен мақала жариялаған.

Дәрігерлердің химиотерапияны тек табыс табу үшін ғана тағайындайтынын растайтын нақты дәлелдер жоқ. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі бар елдерде дәрігерлер емдеу бойынша шешімдер ақшалай ынталандыруға байланысты емес мемлекеттік құрылымдар шеңберінде жұмыс істейді. Бұл жүйелерде дәлелді медицинаға баса назар аударылады. Химиотерапия пациенттердің өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған клиникалық нұсқауларға сәйкес тағайындалады.

Видеода Питер Глидден таратқан мәлімдемелер жалған және жаңылыстырады. Химиотерапия – бұл тез бөлінетін қатерлі ісік жасушаларын жоюға бағытталған обырды емдеудің тиімді әдісі. Жалпы мифтерге қарамастан, ол көптеген науқастарға көмектеседі және басқа емдеу әдістерімен бірге қолданылады. Соңғы онжылдықтарда қатерлі ісік ауруының өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті және химиотерапия маңызды рөл атқарды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button