Fake News

Фейк: «Барлық егілген адамдар қыркүйекке дейін өледі»

Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы егілген адамдар қыркүйекке дейін өледі деген ақпарат тарады. Бұл пікірдің туындауына не себеп болды және оған неге сенуге болмайтыны жайлы айтып берейік.

Осы «болжамның» авторы доктор Леонард Колдуэлл. Ол вакцинацияға қарсы танымал тұлға және қастандық идеяларын насихаттаушы. Мәселен, ол бұған дейін COVID-19 пандемиясы қолдан жасалды және оның мақсаты адамдарды чиптеу деп мәлімдеген. 
Айта кетерлік жайт, доктор Колдуэллдің вакцинацияланған адамдар арасындағы жаппай өлім туралы «сәуегейлікте» оқиғаның болатын жылы көрсетілмеген. Алайда, біз Желіден бұл мәлімдемеге сілтемені таптық. Бұл туралы Колдуэлл жазда айтып, 2021 жылғы қыркүйек айын меңзеген екен.

Қазіргі кезде қыркүйек айында да, қазан айында да, тіпті қараша айында да вакцинацияланған адамдар арасында жаппай өлім тіркелмегені анық. Демек, Колдуэллдің «болжамына» мән берудің қажеті жоқ.
Коспирологияны жақтаушылар вакцина алғандардың бәрі өледі деп бұған дейін де мәлімдеген болатын. Бастапқыда әлеуметтік желілерде егілген екпе алғаннан кейін алты айдан кейін өледі деп жазылды, ал қазір ондай ештеңе болмағаны анық.

Дәлелсіз: «COVID-19 қарсы вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды»

Мұндай мәлімдемелерге әрдайым негізсіз қорқыныш пен қастандық теориялары негіз болады. COVID-19 қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді. Бұл клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады, олардың есептері құпия емес және баршаға қол жетімді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button