Фейк: «Барлық вакциналарда нанобөлшектер болады»
Қазнет қолданушылары вакциналардың барлығында ауыр металдар мен денсаулыққа қауіпті заттардың нанобөлшектерімен ластанғанын дәлелдеген белгісіз ғалымдардың сұхбатын таратуда. Бұл қандай ролик және егудің қауіптілігін дәлелдеген ғалымдар кім екенін анықтайық.
Таралған видеода вакцинация қарсы итальян Антониетта Гатти мен оның жұбайы Стефано Монтанари көрсетілген. Олар 2017 жылы адамдарға да, жануарларға да арналған әртүрлі вакциналарға зерттеу жүргізгеннен кейін танымал болды. Жұмысты аяқтағаннан кейін олар зерттеген бір ветеринарлық вакцинадан басқа барлық препараттарда ауыр металдар мен басқа да қауіпті заттардың микро және нано бөлшектері болған деп мәлімдеді.
Алайда, бірқатар себептерге байланысты ғылыми қоғамдастықты бұл зерттеу таңғалдырған жоқ.
Біріншіден, Гатти мен Монтанаридің зерттеулері саяси жанжалға қатысы бар жалған журналда жарияланды.
Екіншіден, ерлі-зайыптылар өз зерттеуінде үшін Модена университетінің электронды микроскопын қолданды. Ал университеттің өзі бұл жабдық вакцинаның нано бөлшектермен ластану дәрежесін анықтауға жарамсыз деп мәлімдеді. Микроскоп өте күшті және ештеңеге әсер етпейтін заттың шамалы мөлшерін де анықтай алады.
Үшіншіден, ғылыми қоғамдастық Гатти мен Монтанаридің жұмысымен танысқаннан кейін, ерлі-зайыптылардың тұжырымдары сынға алынып, шындыққа жанаспайды деп танылды. Кейбір ғалымдар зерттеу нәтижелері әдейі бұрмаланғанын айтты.
Гатти мен Монтанари бұған тоқтай қоймады, олар өздерінің зерттеулеріне сүйене отырып, вакцинацияның зияны туралы кітап шығарды. Эстонияда туындыны сатуға тыйым салынды. Оның екі себебі бар: ғылымға қарсы идеяларды насихаттау және кітапты шығаруға демеушілік жасаған ары таза емес саясаткерлермен байланыс.
Олай босла, таралған роликке сенуге себеп жоқ. Онда сөз сөйлеп тұрған ғалымдар – бір, ғана псевдо ғылыми жұмыстың авторлары. Кейбір ғалымдардың пікірінше, олардың тұжырымдары жалған, ал жария сөздер үшін саясаткерлер ақы төлеген.