Fake News

Дәлелсіз: «Пойыз жүргізушісі КВИ қарсы екпеден кейін жұмыс орнында өзін нашар сезінгн»

Қазақстандықтар мессенджерлерде тәуекелі бар жұмыстарды орындайтын адамдарды екпе салдырмауға шақырады. Бұған мысал ретінде олар теміржол вокзалында жерге құлаған пойыз жүргізушісін келтіріп отыр. Видео авторының айтуынша, машинист COVID-19 қарсы вакцина алған. Алайда бұған ешқандай дәлел жоқ.

Скриншот из видео

Бейненің түпнұсқасы ағымдағы жылдың 9 қазанында BitChute видео хостингінде жарияланды.  Портал зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни негізде жеккөрушілікке шақырып, қастандық теорияларын таратуымен белгілі. 

БАҚ-та бұл оқиға жайлы айтылған жоқ.
Бейне авторының айтуынша, бұл оқиға Хьюстонда болған. MetroHouston қалалық көлік қызметінің ресми сайтында да бұл туралы жазылмаған.
Компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да вакцинация нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ.
Компанияның ресми сайтында COVID-19 жұқтырған қызметкерлер туралы хабарламалар ұдайы жаңартылып отырады. Соңғы ақпарат 7 қазанда жарияланған. Онда федералды заңға сәйкес, көлік компаниясының барлық қызметкерлері жолаушылар сияқты, бетперде тағуы тиіс делінген. Мәтінде қызметкерлерді міндетті түрде вакцинациялау туралы айтылмаған. 
Бізде видеоның шығуына қатытсы және кадрларда не болып жатқандығы туралы сенімді ақпарат жоқ. Роликтің авторы белгісіз, ал вакцинацияның мәртебесін өзін нашар сезініп тұрған машинист емес, оның өзі айтқан. Оның үстіне, видеода пойыз жүргізушісінің құлаған сәті көрінбейді. Ол сүрініп кетті немесе вакцинациямен байланысты емес аурумен ауыруы мүмкін деп пайымдауға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button