Жаңалықтар

Фейк:«ДДСҰ пандемия жариялаған жоқ»

Қазақстандағы танымал Telegram-арналардың бірінің қатысушылары ДДСҰ-ның ресми сайтында COVID-19 пандемиясының басталғанын куәландыратын ешқандай құжаттар жоқ екендігі туралы хабарлама таратуда. Пайдаланушылардың пікірінше, пандемияны ресми органдар емес, бұқаралық ақпарат құралдары жариялады. Бұл олай емес.


COVID-19 пандемия деп тану туралы шешімді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус 2020 жылдың 11 наурызында брифингте мәлімдеді. Оның сөйлеген сөзінің жазбаша нұсқасы ДДСҰ сайтында бірнеше тілде, соның ішінде орыс тілінде бар.
– ДДСҰ аурудың өршуін тәулік бойы бағалайды және аурудың таралуы мен жағдайдың ушығу деңгейіне де, әрекетсіздік деңгейіне де қатты алаңдаймыз. Сондықтан біз COVID-19 таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік, – делінген хабарламада.
ДДСҰ-ның ресми YouTube арнасынан ұйым қызметкерлері COVID-19 пандемия деп атайтын брифингтер мен баспасөз конференцияларының жазбаларын да табуға болады.
Желіде тараған фейк хабарламаның екінші бөлігінде ауру адамның ДНҚ мен РНҚ бөліктері болғандықтан вирустарды жұқтыруға болмайтыны айтылған. Бүгінде бұл теорияның дәлелі жоқ. Біз бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Вирустар – өлі жасушалар ДНҚ-ның қалдықтары – манипуляция

Қорыта айтқанда, ДДСҰ сайтында ұйымның бас директоры пандемия жариялағаны туралы дәлелдер бар. Тиісінше, хабарламада келтірілген теория жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button