Fake News

Фейк: «Қазақстан астанасын Түркістанға көшіру туралы шешім қабылданды»

WhatsApp-та елорданы Түркістанға көшіру туралы бейнеролик таратылуда. Бұл идеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған, ал Парламент депутаттары оны бірауыздан қолдаған. Бас қаланы ауыстыру туралы ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында жарияланады екен.

Мұның бәрі фейк. ҚР Президентінің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ. 
Сондай-ақ, Парламенттің сайтында астананы көшіру туралы «тарихи шешім», «қызу талқылау» және «бірауыздан қолдау» туралы хабарламалар жоқ.
Еліміздің бас қаласын Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет бұрыннан таралуда.
Алайда, 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев олардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын. 
2022 жылы Қазақстан астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы ақпарат тараған. Ол да фейк болып шықты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button