Fake News

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда COVID-19 таралуына қатысты хабарламаға түсініктеме берді

Қазнетте жұқпалы аурулар ауруханаларында COVID19 пациенттері толып жатқаны туралы ақпарат тарады. Олардың көбі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған екен.  Бұл фейк.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлықэпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Мессенджерлерде инфекциялық ауруханалар Covid-19 пациенттерімен толып жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

2024 жылдың басынан бері елде 1356 Covid-19 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмен.

Бүгінгі таңда 6285 инфекциялық төсек-орынның 0,1%-ы Covid-19 бойынша қамтылған. Өлім-жітім тіркелген жоқ.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда.

Жалған ақпаратты таратушы тұлғаларддың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button