Fake News

Фейк: «Әуежайда COVID-паспорттың QR-кодын анықтай алмағандықтан ер адам өзін-өзі тіркеу бағанасын сындырған»

Әлеуметтік желілерде әуежайда бірнеше өзін-өзі тіркеу бағанасын бұзған ер адамның бейнеролигі тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл оқиға техника жолаушының COVID-паспортының QR кодын анықтай алмағандықтан орын алған. Нәтижесінде, жаңашылдықтар көптеген проблемалар тудырады, ал QR-кодтар жүйесі жұмыс істемейді деген пікірлер айтылуда. Бұл жалған.

Шын мәнінде, бұл видео Желіде 2017 жылы кеңінен тараған және оның COVID-19 пандемиясына да, QR код жүйесіне де ешқандай қатысы жоқ.
Бұл туралы Кореяның «Кукмин Ильбо» басылымы жазған. Инчхон халықаралық әуежайының ұшу залына 40 жастағы мас адам баса көктеп кірген. Ол бағаналарды қиратып, «Корея құлайды!» деп айқайлаған. Барлық бес құрылғыны сындырған соң ол чемоданын жанында тұрған туристке лақтырған.
Полиция анықтағандай, тәртіп бұзушының ол күні сапарға шығатын ойы болмаған. Сондай-ақ, ер адам психикалық бұзылулардан зардап шегетіні және мұндай оқиғалар бұған дейін де болғандығы белгілі болды.
Демек, бұл оқиғаның COVID-19 пандемиясымен және шектеулердің енгізілуімен байланысы жоқ. Видеоролик COVID-паспорт жүйесі жұмыс істемейтіндігінің дәлелі бола алмайды.
Бұл ауруға қарсы вакцинация мәртебесін растайтын құжаттар саяхат кезінде ауру жұқтыру қаупін азайту және вирустың әлемге таралуын тоқтату үшін енгізілді. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button