Fake News

Манипуляция: «Ұшатын микрочиптер халықты бақылайтын болады»

Қазақстандықтар ғылым әлеміндегі жаңалықтармен бөлісуде. Олар Telegram мессенджерінде жазғандай, ғалымдар ауа арқылы қозғалып, халықты бақылай алатын микрочиптер ойлап тапқан. Бұл хабарламаларда не дұрыс емес екенін айтайық.


Ауада қозғалатын микрочиптердің бар екені рас. Бұл туралы ақпарат пен технологияның сипаттамасы биыл 22 қыркүйекте Nature ғылыми журналында жарияланды.
Құрылғылар өте кішкентай болса да, көзге көрінеді. Ғалымдар Tristellateia гүлденген лиана тұқымына ұқсайтын үш жапырақшалы пішінді қолданған. Бұл дизайн чиптерге ауа ағынымен қозғалуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, чиптер қозғалтқышпен жабдықталмаған, сондықтан олар өздігінен қозғала алмайды. Сондай-ақ, олардың қозғалысын басқару да мүмкін емес. Чиптер камерамен де жабдықталмаған, демек, олар адамдарды бақылай алмайды. 

Дегенмен, құрылғылар ауаның ластану деңгейін, күн радиациясын және судың сапасын бақылауға мүмкіндік беретін әртүрлі сенсорлармен жабдықталған. Әлеуетті ұшатын микрочиптер адамдардың үлкен тобын және пайда болатын ауруларды бақылау құралы бола алады, бірақ бұл функциялар әлі сыналған жоқ. Бүгінгі таңда екі сынақ өткізілді. Олардың бірінде микрочиптер ауадағы қатты бөлшектерді анықтау үшін, екіншісінде су буының рН деңгейін анықтау және күн сәулесін әртүрлі толқын ұзындығында өлшеу үшін қолданылды. 
Осындай бір ұшатын чиптің болжамды жұмыс істеу мерзімі – бір ай. Осыдан кейін оны ауыстыру керек. Оның үстіне, құрылғылар кішкентай болып, ұшуды басқара алмайтындықтан жиі бұзылады.
– Бұл құрылғыларды тұрақты мониторингтің құрамдас бөліктері ретінде қарастырмаймыз. Бұл нақты қажеттілікті қанағаттандыратын, шектеулі мерзімі бар уақытша құрылғылар», – деді жетекші профессор Джон А.Роджерс Engadget басылымына.
Қорыта айтқанда, ұшатын микрочиптерді адамдардың үлкен тобын бақылау құралы ретінде қолдануға болады, бірақ камерамен жабдықталмағандықтан, олар нақты бір адамды бақылай алмайды. Осы және қазіргі кездегі басқа құрылғылар да адамдардың тәртібін бақылауға қабілетсіз.
Әзірлеушілер адамдарды бақылау құралын жасамаған. Ең алдымен, құрылғылар су мен ауа сапасын, сондай-ақ күн радиациясының деңгейін бақылау үшін қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button