Негізсіз: «мРНҚ вакциналары нейродегенеративті аурулардың көбеюіне әкеледі»
Қазақстандықтар Telegram-чаттарда АҚШ-тан келген ғалым Стефани Сенеффтің мәлімдемесімен бөлісуде. Оның пікірінше, мРНҚ вакциналары болашақта Альцгеймер, Паркинсон, ПИК және т.б. нейродегенеративті аурулардың індетіне әкеледі. Бұған ешқандай дәлел жоқ.
Стефани Сенеф дәрігер де, нейродегенеративті ауруларды зерттеу бойынша маман да емес. Ол Массачусетс технологиялық институтының (MIT) информатика және жасанды интеллект зертханасының (CSAIL) аға ғылыми қызметкері.
Ағымдағы жылы ол «Халықаралық теория, практика және вакциналарды зерттеу журналында» «Аурудан да жаман ба? COVID-19 қарсы мРНҚ вакцинасын қолданудың кейбір ықтимал күтпеген салдарына шолу» атты мақаласын жариялады. Ол онд COVID-19 қарсы вакцинацияның ықтимал салдары туралы айтады, Ол алға тартқан жалғыз дәлел, иммундауға арналған препараттарды әзірлеу мерзімінің, оның пікірінше, тым қысқа болды.
Сонымен қатар, мақаланың сипаттамасында ол: «…Бірақ мұның (нейроденеративті аурулар – авт.) болатынын нақты көрсететін зерттеулер жоқ».
Іс жүзінде вакцинация нәтижесінде мұндай аурулардың дамуы мүмкін еместігін көрсететін зерттеулер бар.
Ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, зерттеушілер COVID-19 ауыр түрде ауырған адамдарда ми ауруының даму қаупі осы ауруға қарсы вакцина алғандарға қарағанда жоғары екендігімен келіседі.
COVID-19 қарсы вакцинация мен Альцгеймер ауруының арасындағы байланыс туралы фейк Желіде бұған дейін де тараған. Оны Стэнфорд ауруханалары мен клиникаларының невропатологы, Альцгеймер ауруы және таным мен мінез-құлықтың басқа да бұзылыстарына мамандандырылған Ирина Скайлар-Скотт жоққа шығарды.
Ол Reuters басылымына КВИ және Альцгеймер ауруы мен вакциналардың өзара байланысына ешқандай растау табылмағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол COVID-19 бұл аурудан зардап шеккендер үшін өте қауіпті екенін айтты, өйткені инфекция танымдық қабілеттерге әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәрігер Альцгеймер ауруы бар адамдарға мүмкіндігінше тез арада КВИ-ге қарсы егілуді ұсынды.
Басқа да бірқатар жетекші мамандар COVID-19 қарсы вакциналардың нейродегенеративті аурулардың дамуына ықтимал әсерін жоққа шығарды.
Жалпы, иммундау препараттарының миға әсері зерттелуде, алайда әлем бойынша сегіз егу науқанын белсенді өткізу барысында олардың ми ауруларымен байланысына толық дәлелдер табылған жоқ.
Стефани Сенеф бұған дейін де негізсіз мәлімдемелер жасаған. Ғалымдар оны 2025 жылға қарай барлық туылған балалардың жартысы глифосат гербицидінің әсерінен аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шегеді деген «болжамы» үшін сынға алған болатын.
Лондон Корольдік колледжінің зерттеушілері жазған мақалада Сенефтің аутизм және глифосаттың оның дамуына әсері туралы пікірлері «негізсіз теориялар, болжамдар немесе дұрыс емес» деп аталады.
Тұтынушылар одағының аға ғылыми қызметкері Майкл Хансен Сенефті және оның глифосат туралы талаптарын «шынымен дәрменсіз» және «қауіпті» деп сипаттады.
Қорыта айтқанда, Стефани Сенефтің COVID-19 қарсы вакциналары ми ауруларын тудырады деген тұжырымына сенудің қажеті жоқ. Біріншіден, ол дәрігер немесе нейродегенеративті ауруларды зерттеу саласының маманы емес, екіншіден, ол бұған дейін де медицина саласында мүлдем негізсіз мәлімдемелер жасаған. Вакцинация мен ми ауруларының дамуы арасындағы байланыстың жоқтығын көрсететін рецензияланған ғылыми зерттеулер бар.