Fake News

Ауруларды бақылау орталығы маскалардың пайдасыздығын мойындады – фейк

Қазақстандық әлеуметтік желілерде «Ауруларды бақылау орталығы маскалардың пайдасыздығын кездейсоқ мойындады» деп жазылғн скриншот таратылуда. Бұған дәлел ретінде орман өрттеріне дайындалу үшін шығарылған Орталықтың ұсынымдары қолданылады.

 

 

Шынымен де, Ауруларды бақылау орталығының сайтында мұндай мақала бар. Онда COVID-19 таралуын бәсеңдету үшін қолданылатын тіндік маскалар ұсақ зиянды түтін бөлшектерін ұстамайтындықтан орман өрттері түтіннен жеткілікті дәрежеде қорғамайтыны айтылған.

Бірақ коронавирус кезінде маска тағу тиімсіз делінбеген.

Ең бастысы вирус пен түтін бөлшектерінің көлеміне назар аудару керек.

SARS-CoV-2 вирусының көлемі шамамен 0,1 мкм (микрометр), бірақ вирустар ауада өздігінен ұшпайды. Олар вирус жұқтырған адам тыныс алғанда, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлегенде ауаға түсетін су бөлшектеріне жабысады. Вирус пен су бөлшектерінің көлемі бірге 1 микроннан асады, диаметрі әдетте 5-15 микрон болады.

Хирургиялық маскалар адамды түшкіру немесе жөтелу арқылы шығарылатын вирустың үлкен тамшыларынан қорғайды. Кәдімгі маскадағы тері тесігінің көлемі 0,3-тен 10 микронға дейін, бұл респираторлық тамшыларды ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Тіндік маскалар диаметрі 4 микрометрден асатын бөлшектерді жақсы ұстап қалады.

Түтін – бұл бір нәрсе жанған кезде пайда болатын газдардағы ұсақ қатты бөлшектерден тұратын тұрақты дисперсті жүйе. Орман өрттерінен шыққан түтін – жанып жатқан ағаштар мен басқа өсімдіктерден туындаған газдар мен ұсақ бөлшектер қоспасы, әдетте көлемі 2,5 микроннан аз, бұл адамның шашынан 30 есе жіңішке.

PM2.5 бөлшектерін тұндыру жылдамдығы шамамен 0,2 мм/с құрайды және олар ауада ұзақ уақыт сақталады. Ал диаметрі 0,1 мкм-ге дейінгі ультражұқа бөлшектер мүлдем тұнбауы мүмкін.

Орман өртінің түтініндегі атмосферадағы қатты қоспалар халықтың денсаулығы үшін аса қауіпті. Денсаулыққа тиетін ықтимал салдары жанған өсімдіктердің түріне, атмосфераның жағдайына және, ең бастысы, бөлшектердің көлеміне байланысты болады. Әдетте 10 микроннан асатын бөлшектер көз, мұрын қуысы және тамақтың тітіркенуіне әкеледі. Тыныс алған кезде көлемі 2,5 микрондық және одан кіші (PM 2,5) ұсақ бөлшектер өкпенің терең бөліктеріне қонып, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Ғалымдар тіндік маскалардың ұсақ бөлшектерді ұстап қала алмайтындығын 2016 жылы айтқан болатын. Journal Exposure Science and Environmental Epidemiology басылымында матадан жасалған маскалардың қорғаныс дәрежесі нөлге тең екендігі туралы мақала жарияланды.

Осылайша, матадан жасалған маскалар коронавирустың таралуын бәсеңдетуде тиімді, бірақ орман өрті кезінде шығатын зиянды бөлшектермен күрест мүлдем пайдасыз. Сондықтан, өтірік шын деп айтылған скриншотқа сенбеңіздер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button