Fake News

Фейк: «Шымкент пен Таразда балаларды мектептен белгісіз бағытта эвакуациялайды»

WhatsApp мессенджерінде Тараз және Шымкент қалаларында балаларды мектептен белгісіз бағытта алып кететіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ретте оқушыларды ішуге мәжбүр ететін тамшы түріндегі препаратпен вакцинациялайды екен. Бұл өтірік.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, ел мектептерінде мұндай жағдай орын алған жоқ.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство балаларға қатысты заңсыз әрекеттер жасалмайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Ата-аналардан мұндай жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз. Биыл азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған барлық құралдар (маскалар, антисептиктер, дезинфекциялық құралдар және т.б.) бар. Біздің ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, бұл отандық ғылымды жаңа деңгейге шығарды. Көптеген елдерде оқыту офлайн форматта өтуде. ҚР Білім және ғылым министрлігі де оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастырды. Оқудың алғашқы екі аптасында оқушылардың жалпы санының 1% – дан кемі коронавирус жұқтырды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгінгі күні ауызға тамызу арқылы, яғни ішке қабылданатын тамшы түріндегі бір ғана вакцина кеңінен қолданылады. Бұл полиомиелитке қарсы иммундауға арналған дәрі.

COVID-19-ға қарсы мұндай вакциналар жоқ.

12 жастан асқан балаларға иық бұлшық етіне Pfizer/BioNTech препаратын егуге рұқсат етілген.

Бұл вакцина Қазақстанға әлі әкелінген жоқ. Алғашқы партиясы биыл қазан айында елге жеткізілмек.

Демек, хабарламада айтылғанның бәрі фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button