Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина үш сағаттың ішінде жасалды»

Қазнет қолданушылары AstraZeneca шығарған COVID-19 қарсы вакцина үш сағаттың ішінде жасалғандығы туралы ақпарат таратуда. Нәтжесінде, кейбіреулер бұл препараттың тиімді және қауіпсіз бола алмайтынына сеніп қалды. Бұл жалған.

Шындығында, вакцинаны әзірлеушілерге, Оксфорд университетінің мамандарына он ай уақыт қажет болған. Бұл өте қысқа уақыт, дегенмен, препараттың тез арада жасалуы қисынды.

Біріншіден, іс жүзінде КВИ-дің алдын алуға арналған препарат сияқты аденовирустық вектор платформасында вакциналар әзірлеу жұмыстары 2020 жылға дейін, әлемде пандемия жарияланған кезде басталды.

Қазіргі кезде COVID-19 қарсы вакцинада қолданылатын аденовирус векторының өзін ғалымдар бірнеше жыл бұрын шимпанзе жұқтырған тұмау вирусынан жасалған. Ол ChAdOx1 деп аталды және кез келген ауруға қарсы вакцинаның негізі болып табылады. Атап айтқанда, ол науқас КВИ вакцинасын алған кезде SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызын кодтайтын генді жасушаларға жеткізеді. Айта кетерлік жайт, аденовирус векторының өзі де, спайк-ақуыз да адамдар үшін қауіпті емес, өйткені олар ағзада көбейе алмайды.

Адамдар 2020 жылға дейін осы принцип бойынша жасалған вакциналарды алып келді. BBC мәліметтері бойынша, COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін әртүрлі ауруларға қарсы, тұмаудан Зика вирусына, қуықасты безі обырына және чикунгунья тропикалық ауруына қарсы 330 адам ChAdOx1 негізіндегі вакциналармен егілген. Желіде 2013, 2014 және 2018 жылдары шыққан ChAdOx1 аденовирустық векторына негізделген вакциналарға арналған ғылыми жұмыстар бар.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін ғалымдар КВИ қоздырғышы, SARS-CoV-2 вирусы жататын коронавирустар тобының өкілдерінің әсерімен бұрыннан таныс болған. Мамандар олардың сипаттамаларын 2003 жылы ауыр жедел респираторлық синдромы және 2012 жылы Таяу шығыс респираторлық синдромы өршіген кезде зерттеген, олар сәйкесінше SARS және MERS коронавирустарынан туындаған болатын.

COVID-19 қарсы вакцина әзірлеу науқаны көптеген елдерде басымдыққа ие болды. Тиісінше, ғалымдар жеткілікті дәрежеде қаржыландырылды.

Мұның бәрі вакцинаның тез жасалуына ықпал етті, соның өзінде, таратылған хабарламада айтылғандай, үш сағат емес, 10 ай уақыт қажет болды.

Демек, КВИ қарсы вакцинаны үш сағаттың ішінде жасап шығарды деген ақпарат фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button