Fake News

Қорғаныс министрлігі ұшақтың қанаты «сынды» деген ақпаратты жоққа шығарды

Бірқатар ресейлік БАҚ-тарда Толмачево әуежайында қанаты «сынған» қазақстандық ұшақ тұр деген ақпарат таратылды. Tayga.info-ның хабарлауынша, бұл туралы алғаш рет ВКонтакте-де act54 тобында айтылған. Сонымен қатар, басылым Kazakhstan Air Force деген жазуы бар ұшақтың суретін жариялаған.

«Толмачево әуежайында оқырман Қазақстан үкіметіне тиесілі қанаты сынған Boeing 757-200 ұшағын байқады», – деп жазады Tayga.info

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл ұшақ шынымен де ведомствоның балансында бар және жоспар бойынша техникалық қызмет көрсетуден өту үшін Новосібір қаласындағы «ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ» кәсіпорнында тұр. Жөндеу жұмыстары барысында уақытша бөлшектеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан сырт көзге ұшақтың қанаты сынғандай болып көрінуі мүмкін.

«Жөндеу жұмыстары барысында фюзеляждың жеке бөліктеріне және басқа да түйіндері мен агрегаттарына уақытша бөлшектеу жұмыстары қажет болуы мүмкін. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, жұмыс жоспарлы түрде өткізіліп жатыр», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Мұнымен қоса, ведомство БАҚ өкілдеріне ресми дереккөздермен расталған және тексерілген ақпаратты пайдалануды ұсынады және сенсацияға ұмтылмауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button