Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина алған блогер тікелей эфирде қайтыс болды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Тайландта тікелей эфирде қайтыс болған Instagram блогерінің өлімі туралы жаңалық тарады. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, ол COVID-19 қарсы вакцина алған, оның өліміне нақ осы препарат себеп болған. Бұл жалған.


Мисс Пимпорн атымен белгілі блогер осы жылдың 26 мамырында тамақ пісіру бойынша онлайн-сабақ барысында көз жұмған. Роликтің алғашқы минуттарында ол күліп, фанаттармен амандасқан, содан кейін кенеттен үндемей қалып, жерге құлаған. Кадрларда күйеуінің жүгіріп келіп, оны құтқаруға тырысқаны көрсетілген.
Кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында марқұмның туыстары мен достары фанаттардан видеоны өз пайдасына пайдаланбай, өшіріп тастауларын сұрайды. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желі қолданушыларына өлімнің себебін хабарлады: блогер жүрек ұстамасынан қайтыс болған.
Мисс Пимпорнның вакцина салдырғаны туралы тәртіп сақшылары да, оның туыстары да, оның өз де тірі болғанда ештеңе айтпаған. Оның жақында COVID-19 қарсы егілгені туралы алғашқы хабарламалар 7 маусымда BitChute.com порталында жарияланды. Айта кетейік, бұл видеохостингте қастандық теорияларын, ашық жалған ақпаратты, экстремистік мәлімдемелер мен ұлтаралық және нәсіларалық араздық қоздыратын мазмұндағы ақпараттар жарияланады.
Бұған дейін бұл порталда COVID-19 және індетке қарсы вакциналар туралы жалған ақпарат ұсынылған бейнелер шыққан.
Мисс Пимпорнның қайтыс болуы туралы бейнеге қатысты жазылған пікірлерде қолданушылар вакцинацияның мәртебесі нақты белгісіз екенін айтқан, бірақ басқалары бұл ақпаратты жасырып жатыр деп мәлімдеген. Бұл ретте олар ешқандай дәлелдер келтірмейді.
Қорыта айтқанда, тай блогерінің вакцинация салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарламалар фейк болып табылады. Мисс Пимпорн өлімінің ресми себебі – жүрек ұстамасы, ал оның вакцинация мәртебесі белгісіз. Блогердің вакцина алғаны туралы ақпарат өте сенімсіз дереккөзден алынған және расталмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button