Fake News

Фейк: «Вакцинациядан бас тартқаны үшін ресейліктер азаматтығынан және мүлкінен айырылады»

Танымал Telegram-арналардың бірінде 2022 жылдың басынан бастап ресейліктер COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін қатаң жазаға тартылатыны туралы хабарлама таратылуда. Олар азаматтығынан айырылады, ал мүлкі мемлекет пайдасына тартып алынады. Бұған «дәлел» ретінде осы ақпарат жария етілген баспасөз маслихатынан видео ұсынылуда. Бұл жалған.

Іс жүзінде тараған бейне COVID-19 пандемиясы, сәйкесінше бұл ауруға қарсы егу науқаны басталғанға дейін түсірілген. Видеода 2015 жылдың 20 наурызында өткен баспасөз маслихаты көрсетілген. Онда Мәскеу жол полициясының сол кездегі жаңа бастығы Виктор Коваленко таныстырылған.

Баспасөз мәслихатында қандай да бір медициналық процедурадан бас тартқаны үшін тұрғындарды азаматтығынан және мүлкінен айыру туралы айтылмаған.

Ресейде қызметкерлерін егуден бас тартқан кәсіпорындарға салынатын айыппұлдар бар. Компаниялар 90 күнге дейін жабылуы мүмкін. Алайда, елдің бірде-бір аймағында екпеден бас тартаны үшін азаматтықтан айырмайды және жиған-терген мүлкін тартып алмайды.

Қорыта айтқанда, видеодағы азаматтықтан және мүліктен айыру туралы айтқан дауыс қосымша жазылған және түпнұсқа жазбаның бір бөлігі емес. Тиісінше, мұндай жазалау шаралары туралы ақпарат фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button