Fake News

Жалған: «Германияда әріптестеріне шағым түсіру орталықтары құрылуда»

Қазақстандықтар Германияда таралған ақпаратты талқылауда. 50-ден астам адам жұмыс істейтін әрбір компания қызметкерлер әріптестеріне шағым қалдыра алатын арнайы орталықтар құруға міндеттелген екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Шағым түсіру орталықтары туралы ақпарат Желінің орыс тілді сегментінде 2023 жылдың тамызында таралған. Неміс тілінде мұндай орталықтар туралы жаңалықтар болмаған және жоқ.

Керісінше, неміс бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат берушілерді қорғау туралы заң қабылданғаны туралы ақпараттар бар, оның шеңберінде заң бұзушылық туралы хабарлауға болатын тетіктер қарастырылған. Бұл шағым түсіру емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Германияда ақпарат берушілерді қорғау туралы заң 2023 жылдың 2 шілдесінде күшіне енді. Ол 250-ден астам адам жұмыс істейтін барлық компанияларды құқық бұзушылық туралы хабарлаған қызметкер қуғын-сүргінге ұшырамайтындай немесе жұмыстан шығарылмайтындай ішкі қауіпсіз ақпараттандыру жүйесін құруға міндеттейді. 2023 жылғы 17 желтоқсаннан бастап штатында 50-ден астам адам жұмыс істейтін компаниялар үшін де осындай талаптар енгізілмек.

Бұл ақпарат беруші кәсіби қызметі аясында өзара әрекеттесетін адамдардың заңды өрескел бұзуына қатысты. Заңда қызметтік міндеттерін дұрыс орындамау немесе, әріптесінің жұмыстан ерте кеткені туралы жеткізу қарастырылмаған.

IHK неміс ақпараттық порталының мәлімдеуінше, жаңа заң аясында қылмыстық және әкімшілік кодекстің, федералды заңдардың және ЕО құқықтық актілерінің бұзылғаны туралы хабарлауға болады. 

Яғни, мұндай хабарламалар шағым түсіру болып саналмайды және жаңа заң адамдар әріптестеріне шағымдануы үшін қабылданған жоқ. Ол қылмыс туралы білетін, бірақ жұмысынан және табысынан айырылып қалудан қорқып, бұл туралы хабарлай алмағандарды қорғауға бағытталған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button