Fake News

Қазнетте телефондарды бұғаттау туралы ескі фейк тағы да таратылуда

Қазақстандықтар вакцинацияланған адамдарға қоңырау шалып, телефондарын бұғаттап жүрген алаяқтар туралы хабарлама тағы да тарала бастады. Мұның бәрі өтірік.

Хабарламада белгісіз біреулер қоңырау шалып, адамдардың вакцина алғандарын сұрайды. Оң жауап болған жағдайда, әңгімелесуші 1 санын басуды сұрайды. Осыдан кейін телефон бұғатталып қалады.
Біз бұл фейкті бұған дейін терістеген болатынбыз. KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің хабарлауынша, алаяқтардың бұлай әрекет етуі екіталай.
– Алаяқтар әлеуметтік инженерия көмегімен бұған дейін пайдаланушының қандай да бір деректерін иемденбесе, қоңырау шалу арқылы телефонды басқару мүмкін емес. Мысалы, егер оларға кіру кодтары, СМС-кодтар және өзге де авторизациялық деректер берілсе, – деп хабарлады ұйым өкілдері. 
Сондай-ақ, Қызмет әлеуметтік инженерияға мысал ретінде банктер атынан жалған хабарламалар, SMS немесе CVC банк картасының кодтарын және т.б. айту өтінішімен «қауіпсіздік қызметі өкілдерінің» қоңырауларын келтіріп өтті.
Бұған дейін біз қазақстандықтардың жеке деректерін иемденуге тырысқан кибер-алаяқтар туралы бірнеше рет жазған болатынбыз. Олардың қандай айла-әдістерді қолданатыны және алаяқтықтың құрбаны болмау жолдары туралы мына жерден оқи аласыздар.
Желіде алаяқтарды қалай тануға болатыны және олардан қорғану жолдары туралы толық ақпарат KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің ресми сайтында орналастырылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button