Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналарда адам жасушалары бар»

Telegram-да тараға видео кейіпкері жылап тұрып, адамдарды COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмауға шақырады, өйткені оның пікірінше, вакциналарда адам жасушалары бар. Бұл жалған.

КВИ, басқа да ауруларға қарсы екпелерде адам жасушалары жоқ. Препараттардың құрамына тек белсенді компонент қана кіреді, ол вирустық вектордан, мРНҚ вирусынан немесе белсенді емес патогеннің өзінен, сондай-ақ препараттың жарамдылық мерзімін ұзартуға және ағзаның вакцинаға иммундық реакциясын күшейтуге мүмкіндік беретін бірқатар көмекші заттардан тұрады.
Олардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Кейбір вакциналарды әзірлеу үшін адамның жасушалық желілері қолданылады. Жасуша сызықтары әдеттегідей адам ағзаларының тіндері емес екенін түсінуіміз керек. Жасуша сызықтары – бұл бір рет адамнан, жануардан немесе өсімдіктен алынған, содан кейін зертханада құрылған қолайлы ортада өсірілетін жасушалар. Яғни, ескі жасуша сызықтары тірі ағзаның ішінде мүлдем өспеген жасушалардан тұруы мүмкін.
Сондай-ақ, жасуша сызықтары вирустарды өсіру үшін қажет, содан кейін олар вакциналар жасауда қолданылады. Вирус өсірілгеннен кейін ол тазартылады және иммундау препараттарын өндіруде қолданылады. Осылайша, вакциналарда адам немесе жануар жасушаларының ізі де болмайды. Сонымен қатар, препараттарда тіршілік иесінің тұтас жасушасын немесе оның ДНҚ анықтау мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакциналарда адам жасушалары жоқ.
Қазақстандықтар вакциналар құрамы туралы қауесетті бұған дейін де таратқан. Біз екпелердің құрамында оларда аламанның бүйрегі, иттің қаны, жасанды сілекей және заманауи графен материалы бар деген фейктерді жоққа шығардық.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button