Fake News

Фейк: «Дүкендерде жасанды жұмыртқалар сатылады»

Әлеуметтік желілерде қабығында өсінділері бар тауық жұмыртқаларын көрсеткен әйелдің видеосы тарады. Оның айтуынша, бұл өсінділер жұмыртқаның жасанды екенін білдіреді. Бұл өсінділер қайдан шықты? Түсіндірейік.

Қабығы кедір-бұдыр және және өсінділері бар жұмыртқалар көп кезедседі. Бұл кальций карбонатының түзілімдері. Ол жұмыртқаның қабығында болады, кейде бұл зат жұмыртқа салатын тауықтың ағзасынан себепсіз артық мөлшерде бөлініп шығарылады. Өсінділер болса, бұл жұмыртқан бүлінді деген сөз емес. Ол жеуге жарамды, дәмі жағынан да ерекшеленбейді.
Жұмыртқа қабығындағы осындай өсінділердің фотосуреттерін фермалар форумдарынан көруге болады. Тәжірибелі құс өсірушілердің сөзінше, бұл жұмыртқаның сапасы төмен немесе оны жеген қауіпті, ал өсінділер жұмыртқаның жасанды дегенді білдірмейді.
Кадрларда кейіпкер көрсетілген жұмыртқаларды жарып, олардың ақуызы тым сұйық, ал сарысы пішінін сақтамайтынын айтады. Бұл да жұмыртқалардың жасанды екендігінің белгісі емес. Мұндай сурет табиғи, бірақ өте жаңа жұмыртқаларға тән.
Жасанды жұмыртқа алмастырғыштар бар, бірақ олардың ешқайсысы табиғи жұмыртқаға ұқсамайды. Сонымен қатар, адамның қолымен жасалған жұмыртқалар табиғи тауық жұмыртқасына қарағанда әлдеқайда қымбат. Демек, қымбат синтетикалық өнімді табиғи арзан өнімнің бағасымен сату мағынасыз. 
Олай болса, таралған видеода табиғи жұмыртқалар көрсетілген. Оның қабығындағы өсінділер – өнімнің сапасына әсер етпейтін кальций карбонатының түзілімдері. Ақуыздың сулы болуы мен сарыуызының жайылып кетуі жұмыртқаның жасанды екендігінің дәлелі емес.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button