Fake News

Фейк: «Қытайда 15 минуттық қалаға тек QR-код немесе бетті сканерлеу арқылы ғана кіруге болады»

Қазнетте қажет нысандардың бәріне жаяу жетуге болатын Қытайдың 15 минуттық қаласы талқылануда. Бұл елді мекенге кіру және шығу үшін бетті сканерлеу немесе QR-код қажет екен. Бұл рас па? Анықтайық.

«15 минуттық қала» тұжырымдамасын алғаш рет 2016 жылы Сорбонна университетінің профессоры Карлос Морено ұсынған. Басты идея – ірі қалалардың ішінде барлық қажетті нысандар мен қызметтер тұрғындар үшін жаяу немесе велосипедпен жетуге болатын қашықтықта орналасқан шағын аудандар құру. Қала құрылысына жаңа көзқарас бірнеше кезеңді қамтиды – жасыл кеңістік жасаудан бастап, тұтас аудандарды қайта жобалауға дейін. Бұдан басқа, халықтың бұрын есепке алынбаған топтарына назар аударылатын болады: балаларға, қарттар, мүмкіндігі шектеулі адамдар.

Бұл тұжырымдама бүгінде Париж, Мельбурн, Стокгольм және әлемнің басқа да қалаларында енгізілген.

Қытай да 15 минуттық қала идеясын жүзеге асыра бастады. Жобаны алғаш қолға алған қала Шанхай. Тұжырымдама қаланы 2035 жылға дейін дамытудың Бас жоспарына енгізілді. 2019 жылы Шанхайда 15 пилоттық көше таңдалды. Қазір мұнда 180 жоба іске асырылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл қол жетімді ортаның сапасын жақсартты.

Сычуань провинциясының астанасы Чэнду қаласында шет аймақтарды жаңаша салу ұсынылды. Аудандар 15 минуттық жерде өмір сүруге қажетті барлық қызметтер болатындай етіп қайта жобаланады. Осылайша, қала тұрғындары көліксіз жүре алады. Егер тәжірибе сәтті болса, ол Қытайдың басқа мегаполистерінде де қолға алынбақ.

2019 жылы жарияланған зерттеуде Қытай ғалымдары 15 минуттық қалалар мен денсаулықты жақсартудың арасындағы байланысты анықтайды. Авторлардың айтуынша, бұл тұжырымдама адамдардың физикалық жағдайына оң әсер етеді, өйткені олар жаяу көп жүреді.

Желіде 15 минуттық қалалар туралы жалған ақпарат бұған дейін де тараған. 2023 жылы адамдарға өз аудандарынан кетуге тыйым салынатыны туралы айтылды. Бұл ақпаратты біздің сайт та теріске шығарылды.

Қытай шенеуніктерінің есептері мен баяндамаларының ешқайсысында 15 минуттық қалаларға кіру рұқсаттама, QR-кодтар немесе бетті тану арқылы жүргізілетіні туралы ақпарат жоқ. Адамдардың қозғалысына шектеу қою жоспарда жоқ. Әлеуметтік желілерде тарған ақпарат – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button