Fake News

Жаңаөзен аспанында не болып жатыр?

«Бәсе» Телеграм-арнасы жариялаған бейнероликтің авторы аспанда ұшып келе жатқан ұшақты түсірген. Түсірілім кезінде кадрдан тыс пікірлер айтылады:
«Мынадай ғажайып зат боп жатыр. Көп тұрмайды, жоқ болып кетеді ұшақтың артынан. Мынау Қызылсайдың үстінде ұшып бара жатыр. Мынау – қала, міне, үсті. Мынау –Жаңаөзеннің үсті. Мынау – Қызылсайдың үсті. Не болып жатыр, жігіттер?»

Өз кезегінде, Телеграм-арнаның әкімшісі жарияланымға қатысты «Мұнайшылардың айтуынша, ұшақ әлдеқандай химиялық зат шашқан» деп жазған.
Бейнежазба кадрларына қарағанда, ұшып келе жатқан ұшақтың артында қалған конденсациялық із көрінеді. Бұл құбылыс жерден жақсы байқалады және ол туралы Stopfake.kz бұрын жазған болатын.
Ұшақтың көзге көрінетін ізі ол үлкен биіктікте ұшқанда, ылғалдылық шық нүктесінен және температура -30 градустан төмен болғанда пайда болады.

«Мұндай биіктікте қандай да бір химиялық заттарды шашу мүмкін емес», – деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Stopfake.kz редакциясына берген жауабында.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button