Fake News

Фейк: «Pfizer компаниясының Бас директоры COVID-19-ға қарсы егілмеген»

Қазақстандық COVID-диссиденттер препаратты әзірлеген Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурланың әлі күнге дейін бірде-бір доза алмағандығын алға тартып, вакцина салдырмауға кеңес беруде. Бұған «дәлел» ретінде олар сұхбаттан үзінді келтіреді, онда Бурла «кезекті бұзғысы келмейтіндіктен» иммундаудан өтпегенін айтады. Бұл өтірік.


Шын мәнінде, үзіндісі CNҚазнетте тараған сұхбат өткен жылдың 14 желтоқсанында 2020 CNBC телеарнасынан көрсетілген.
Ол кезде Альберт Бурланың вакцина алмағаны рас, өйткені ол бірінші кезекте иммундауға жататын адамдардың бірде-бір санатына жатпаған.
2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарында, КВИ қарсы вакциналар нарыққа шығарылған кезде АҚШ-та тек алдыңғы қатардағы медициналық қызметкерлер, қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлері, сондай-ақ 80 жастан асқан адамдар ғана егілді. 
Егілуге ниет білдірген басқалары үшін вакцинация кейінірек қолжетімді болды: 2021 жылдың ақпан-наурыз айларында. Дәл сол кезде Pfizer бас директоры иммундаудан өтті. 10 наурызда ол өзінің Twitter-дегі парақшасында вакцинаның екінші дозасын алғанын хабарлады.
– Pfizer/BioNTech вакцинасының екінші дозасын алғаныма қуаныштымын. Менің жақындарымда және бүкіл әлемдегі адамдар үшін осындай мүмкіндік болғаннан басқаны қаламаймын. Біздің жолымыз әлі аяқталмағанымен, біз вирусты жеңу үшін тынбай еңбек етудеміз», – деп жазды ол.

Бұл Pfizer компаниясының бас директоры COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын дәлелдейді. Ал иммундаудан өтпегені туралы айтқан сұхбатты ол жарты жыл бұрын берген және қазір жағдай басқаша.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button