Fake News

Францияда карантин кезінде коммуналдық қызметтерді төлеу тоқтатылды – фейк

Қазнет пайдаланушылары Франция үкіметінің локдаун уақытына коммуналдық қызметтер төлемін тоқтатқаны туралы ақпаратты таратуда. Шын мәнінде, француздар бұл төлемдерден босатылмаған.


Франция президенті Эммануэль Макронның үстіміздегі жылдың наурыз айында сөйлеген сөзі осындай қауесеттердің тарауына «негіз» болған сияқты. Ол шағын кәсіпкерлер үшін коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі туралы айтқан болатын.

Францияның Экономика және қаржы министрі бұл жағдайды кімдердің пайдалана алатынын түсіндіріп өтті. Тізімге тек жеке тұрғын үй үшін коммуналдық төлемдер төлейтін жеке тұлғалар ғана кірмеген. Төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі локдауннан зардап шеккен шағын компанияларға беріліп отыр.

Ал Қазақстанда ТЖ режимі кезінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жеке тұлғаларға да көмек көрсетілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын азаматтарға су, жылу, газ және электр энергиясы үшін төлемдерді өтеу үшін 15 мың теңгеден берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button