Fake News

Фейк: «Балалар адренохромы Интернетте сатылуда»

Telegram арналарында қастандық теориясын жақтаушылар адренохром туралы жиі айтылатын хабарламалармен бөлісуде. Бұл зат жастықты сақтауға мүмкіндік беріп, эйфория тудырады. Оны өлтірілген балалардың миынан алады және Интернетте еркін сатады екен. Мұның бәрі ешқандай дәлелі жоқ танымал Q-anon қастандық теориясының бөлігі болып табылады.

Адренохром – бұл адреналиннің тотығу өнімдерінің бірі. Бұл ретте адреналин ересекте де, балада да болуы мүмкін. Бұл есірткі емес және әлемнің кез келген елінде тыйым салынған заттардың құрамына кірмейді.
Адренохром галлюцинация, эйфория сезімін тудырмайды және жасартатын да әсері жоқ.
Адренохром алу үшін нәрестелерді немесе басқа бір адамды өлтірудің қажеті жоқ. Ол зертханаларда сәтті синтезделеді.
Ол зерттеу мақсатында, сондай-ақ қан ұюы бұзылған жағдайда дәрі ретінде қолданылады.
Адренохром – бұл күшті дәрі деген теориялар Хантер Томпсонның «Лас-Вегастағы қорқыныш пен жиіркеніш» сияқты көркем фильмдер мен кітаптарға негізделген, онда зат есірткі ретінде көрсетілген. Энтони Берджесстің «Бұрандалы апельсин» кітабында есірткі сусыны – «дренокром» қосылған сүт сипатталған. Адренохром сондай-ақ, «Оңтүстік парк» мультсериалының серияларының бірінде жаңа туған нәрестелерден алынған зат ретінде де айтылған.
Q-anon теориясы, адренохром және сатанистік билеушілердің қастандығы туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы дерлік жазды. Қысқаша айтқанда: идея 2017 жылы туған және барлық дерлік әлемдік көшбасшылар, топ-актерлер, тележүргізушілер және басқа да атақты адамдар нәрестелердің миынан алынған андренохромды қолданатын сатанистік педофильдер тобына жатады. Бұл зат оларға жастықты сақтауға және керемет эйфорияны сезінуге көмектеседі.
Бұл ретте теорияға ешбір дәлел жоқ және болған емес.
Алайда, COVID-19 пандемиясы басталғалы Q-anon идеялары қайта кеңінен таратылуда.
Осы теория және неге оған сенбеу керектігі туралы толығырақ бұған дейін қазақстандық Factcheck.kz басылым жазған болатын.
Сонымен, адренохром – бұл есірткі емес және оны алу үшін адамдарды өлтірудің қажеті жоқ. Бұл зертханада оңай синтезделетін адреналиннің тотығу өнімі. Оның есірткілік қасиеттері жоқ және оған тыйым салынбаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button