Fake News

Манипуляция: «Егу ерлерде жүрек-қан тамырлары ауруларының болу қаупін 84% арттырады»

Қазнет қолданушыларының жазуынша, Флорида билігі ресми түрде 18-39 жас аралығындағы ер адамдарға COVID-19 қарсы вакцина алмауды ұсынады. Бұл егулер жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін 84% арттырады екен. Бұл рас па? анықтайық.

Флориданың бас хирургі Джозеф Ладапо жергілікті тұрғындарға вакциналардан бас тартуды ұсынған. COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері ол бірнеше рет негізсіз және жалған мәлімдемелер жасады. Мысалы, адамдарды маска тағудың мағынасыз екендігіне және гидроксихлорокин COVID-19 емдейді дегенге сендіруге тырысқан.

Вакцинацияланған ер адамдар үшін жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупінің жоғарылауы туралы зерттеуді Ладапоның өзі жүргізген. Зерттеу өзі бақылайтын жағдайлар сериясы әдісімен жүргізілілді. Ал бұл белгіленген ғылыми тәсілдерге балама болып саналады және біржақты нәтижеге кепілдік бермейді.

Сонымен қатар Ладапо және оның көмекшілері қатысушылармен сөйлеспеген, сондай-ақ емдеуші дәрігерлермен кеңеспей, олардың ауру тарихын ғана қараған. Зерттеу ешбір ғылыми журналда жарияланған жоқ және оның рецензиялаудан өткен-өтпегені белгісіз. Оны ашық және дәл деп санауға болмайды. 

Жүрек-қан тамырлары аурулары мен вакцинацияның байланысы туралы әдебиеттерді зерттеу және талдау ұзақ уақыттан бері жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Олардың ешқайсысында Ладапоның тұжырымдарын расталмайды және егілген ер адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларымен 84% жиі ауырады деп жазылмаған.

Демек, таратылған хабарлама – манипуляция. Ладапо сүйеніп отырған зерттеуді өзі жүргізген. Бұл жұмысты бейтарап деп санауға болмайды, ал оны жүргізу әдістері ғылымда қабылданған стандарттарға сәйкес келмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button