Fake News

Манипуляция: «Норвегия COVID-ке байланысты барлық шектеулерді алып тастады»

Әлеуметтік желілерде Норвегияда бір айдан бері вакцинация паспорты талап етілмейді, маскалар қолданылмайды және әлеуметтік қашықтықты сақтамайды деген ақпарат тарады. Бірақ бұл хабарлама контекстсіз қолданылған.


Норвегияда пандемия кезінде енгізілген көптеген шектеулер мен талаптар алынып тасталды. Бұл рас.
Айта кетерлік жайт, бұл шаралар пайдасыз болғандықтан алынып тасталған жоқ. Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды (апта ішінде 100 мың адамға шаққанда 61 жағдай) және вакцинацияланған халықтың пайызы өсті. Карантиндік шаралар жойылған кезде барлық норвегиялықтардың шамамен 76%-ы COVID-19 қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды, ал халықтың 67%-ы толығымен егілді.
Сондай-ақ, ең қатаң шаралар режимі Норвегияда 561 күн бойы сақталғанын атап өткен жөн.
2021 жылғы 7 қазаннан бастап Норвегияда қоғамдық орындарда вакцинация паспорты немесе ПТР-тестінің теріс нәтижесі талап етілмейді. Бірақ саяхат кезінде құжат қажет.

Дегенмен, норвегиялықтар жиі қол жуу және қашықтықты сақтау ережелерін ұстанады. Коронавирус белгілері байқалған кезде де оқшаулану қажет. 
«Көптеген адамдар күнделікті өмірде қалыпты жағдайға оралғанымен, пандемия әлі біткен жоқ. Адамдар әлі де ауырады, сондықтан бәрін вакцинациялау өте маңызды», – деді Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг баспасөз мәслихатында
Демек, Норвегия індетті бақылау және вакцинациялаудың жоғары деңгейінің арқасында көптеген шектеулерді алып тастады. Бұл ақпаратты контекстсіз пайдалану манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button