Fake News

Фейк: «Қазақстанда ауыз су уланған»

Қазнет қолданушылары елдегі ауыз судың, оның ішінде бөтелкедегі судың уланғаны туралы ақпаратты тағы да таратуда. Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан білгенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда, – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті біз ағымдағы жылдың сәуір айында жоққа шығарған болатынбыз.

Қазақстандықтарды тағы да уланған су туралы фейкпен қорқытуда

Оған дейін мұндай хабарламалар Ресейде тараған. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button