Фейк: «Роутерді фольгамен орап тастаса, Интернеттің сапасы жақсарады»
Instagram қолданушылары фольгамен оралған роутер көрсетілген видеоны талқылауда. Ролик авторының айтуынша, бұл қарапайым әдіс Интернеттің сапасын жақсартуға көмектеседі. Фольга шағылыстырғыш қызметін атқарып, сигналды қажет жаққа бағыттайды, сонымен қатар электромагниттік сәулеленуді ішінара блоктайды екен. Бұл рас па, жоқ па, анықтайық.
Иілгіш металл парақша туралы конспирологтар көптен бері айтып жүр. Фольгадан жасалған бас киімдер естеріңізде болар. Ол миды электромагниттік сәулеленуден қорғау үшін киюге ұсынлған еді. Шындығында, мұндай қасиеттерге ие бас киімдер жоқ.
Ресейдегі технологиялар туралы ең ірі жобалардың бірі Hi-Tech Mail пікірінше, роутерді фольгаға ораған дұрыс емес.
«Фольга бірдеңені бұғаттаса да, ол зиянды сәулеленумен бірге сигналдың өзін де бұғаттайтын еді», – дейді сарапшылар.
Сонымен қатар, фольгадағы электр жабдықтарында табиғи салқындату болмайды. Қызып кетудің салдарынан ол істен шығады, тіпті данып кетуі де мүмкін.
Wi-Fi технологиясы 1997 жылы жасалған, содан бері оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсеріне қатысты бірнеше рет ғылыми зерттеулер жүргізілді. Алайда, олардың ешқайсысы Wi-Fi денсаулыққа қауіп төндіретінін растаған жоқ. Технология қолданылып келе жатқан 27 жылда ол адамдардың ауруына себеп болған емес, сондай-ақ адамдардың әл-ауқатына теріс әсер еткен жағдайлар тіркелген жоқ.
Мамандардың есептеуінше, телефонмен сөйлескен 20 минуттың ішінде адам Wi-Fi-ды бір жыл қолданғандағы микротолқынды сәулелену әсеріне көбірек түседі. Ал 20 ноутбук пен екі роутер бірге бір ұялы телефонмен бірдей мөлшерде сәуле шығарады.
Осылайша, рутерді фольгаға орау сигналдың сапасын жақсартпайды, керісінше оны бұғаттап, құрылғының қызып кетуіне әкелуі ықтимал. Ал Wi-Fi-дан шығатын электромагниттік сәулеленуге келетін болсақ, бұған қатысты сенімді ғылыми дәлелдер жоқ.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.