Fake News

Дәлелсіз: «Вакцинациядан бас тарту психикалық аурумен теңестірілуі мүмкін»

Қазнет пайдаланушылары COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тарту психикалық аурумен теңестірілуі мүмкін деп жазуда. Канадалық дәрігерлер осындай ұсыныс жасаған екен. Бұл рас па? Анықтайық.


Мұндай хабарламалар алғаш рет Желіде 2022 жылғы 18 қарашада жарияланды. Оларды таратушы дереккөз – бұрын фейк ақпараттар таратқан вакцинацияға қарсы белгілі тұлға Уильям Макис.
Оның айтуынша, Онтарио дәрігерлер мен хирургтар алқасы COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқан науқастарды психиатриялық бөлімге жатқызып, арнайы препараттармен емдеу керек екені туралы ескерту шығарды. 
Доктор Макис ешқандай дәлел келтірмейді.
Алқаның ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ. Дәрігерлерге COVID-19 туралы FAQ бөлімінде вакцинация жайлы тармақтар бар, бірақ онда вакцинациядан бас тартқандар психикалық науқастар деп жазылмаған. Айта кетейік, бұл бөлім 2022 жылғы 18 қарашада, яғни Макис өз мәлімдемесін жасаған уақытта жаңартылды. Нұсқаулықта дәрігер пациенттерге дәрі-дәрмек туралы толық ақпарат беріп, алаңдаушылық деңгейін төмендетуге тырысуы керек делінген. Мәтінде психикалық аурулар туралы айтылмайды.

Алқа сайтындағы «Негізгі жаңартулар» бөлімінде Онтариода вакцинациядан бас тартуды психикалық аурумен теңестіру жоспарланып отырғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай хабарламалар жарияланбаған.
Демек, бұл «ақпараттың» жалғыз дереккөзі – бұған дейін жалған ақпарат таратып келген вакцинацияға қарсы тұлға. Бұл ретте ол өз сөзіне ешқандай дәлел келтірмейді.
Яғни, оның мәлімдемесіне сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button