Манипуляция: «The Lancet журналы КВИ қарсы вакциналардың тиімділігі небәрі 0,84% деп жазды»
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар The Lancet рецензияланатын ғылыми журналында жарияланған мақаланы талқылауда. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі небәрі 0,84% құрайды, демек, бұл ауруға қарсы тұрудың мағынасы жоқ. Бұл жаңсақ пікір, неге екенін түсіндіріп берейік.
Хабарламада айтылған мақала биыл 20 сәуірде The Lancet журналында жарық көрген.
Онда әртүрлі әдістермен COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігін бағалау туралы жазылған. Авторлар тәуекелдің абсолютті төмендеуін (ARR), қауіптің салыстырмалы төмендеуін (RRR) және ауру жұқтырудың бір жағдайын (NNV) болдырмау үшін егілетін адамдар санын есептеу әдісімен алынған көрсеткіштерді салыстырады. Барлық осы тәсілдер ғылыми негізделген және сенімді.
Бұл ретте мақалада тиімділікті бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану кезіндегі көрсеткіштердің айырмашылығы қандай да болмасын бір әдістің дұрыс емес екенінің белгісі болып табылмайды.
Мәселен, RRR әдісі бойынша препараттың тиімділігі вакцина алған адамдар тобындағы және оны алмаған топтағы ауру қаупінің арақатынасын бағалау негізінде есептеледі. The Lancet журналындағы мақалада вакциналардың осылайша есептелген тиімділігі Pfizer/BioNTech препараты үшін 95% және «Спутник V» үшін 90% құрайды.
ARR бағалау әдісі, өз кезегінде, вакцинаны алған және алмаған топтар ішіндегі және жалпы халық арасындағы аурушаңдық арасындағы айырмашылыққа негізделген. Бұлай есептегенде бұл көрсеткіш бұған дейін алынғаннан айтарлықтай ерекшеленетіні анық. ARR әдісімен бағаланған Pfizer/BioNTech вакцинасының тиімділігі 0,84%, ал «Спутник V» – 0,93% болды.
Сондай-ақ, мақалада NNV әдісі бойынша жасалған есептеулер келтірілген. Бұл ауру жұқтырудың бір жағдайын болдырмас үшін қанша адамды егу керектігін көрсетеді. Pfizer/BioNTech препаратында бұл көрсеткіш 117, «Спутник V» — 80 тең.
Мақалада COVID-19 қарсы вакциналар тиімді емес немесе оларды өндірушілер дәрі-дәрмек тиімді деп адамдарды алдайды деп жазылмаған. Мақала тиімділікті бағалаудың әртүрлі әдістеріне арналған және мамандарға да, тұтынушыларға да әртүрлі тәсілдермен есептелген көрсеткіштерді бағалауды ұсынады, олардың әрқайсысы дұрыс және ғылыми негізделген.
Сонымен қатар, әртүрлі елдерде егу науқаны кезінде алынған мәліметтер, жаппай вакцинация басталғалы COVID-19 нәтижесінде ауруханаға жатқызу мен өлім-жітім айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.
Демек, КВИ қарсы вакциналардың тиімділігі тек 0,84% тең деген ақпарат манипуляция. Бұл ақпарат келтірілген мақалада тек әртүрлі тәсілдермен алынған көрсеткіштер ғана салыстырылған, бұл ретте қатерді салыстырмалы түрде төмендету әдісімен есептелген препараттардың тиімділігі 90% немесе одан да көп екені жоққа шығарылмайды.