Фейк: «мРНҚ вакциналары жүрек проблемалары мен тромбоз тудырады»
Желіде COVID-19-ға қарсы мРНК вакциналары болашақта вакцинацияланған адамдарда жүрек проблемаларын, тромбоз тудырады және өлімге әкеледі деген ақпарат тарады. Бұл неге шындыққа жанаспайтыны туралы StopFake.kz-ке медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев түсіндірді.
Хабарлама авторлары м.ғ.д. Чарльз Хоффенің зерттеуіне сүйенеді. Алдымен, канадалық отбасылық дәрігер Чарльз Хоффе COVID-19 қарсы вакциналар туралы фейк пен ғылымға қарсы болжамдар таратушы ретінде бірнеше рет байқалғанын атап өткеніміз жөн. Оның сөйлеген сөздерінің бірі вакциналар «гендік модификациясы бар тәжірибелік терапияның» бір түрі болып табылады деген кеңінен тараған және бірнеше рет теріске шығарылған теорияға ұқсас.
Манипуляция: «Желіде әлемдік элитаның гендік және геномдық инженерия бойынша жоспарлары жарияланды»
Енді сарапшының пікірінше, негізсіз және физиологияның негізгі қағидаларына қайшы келетін хабарламадағы тезистерге тоқталайық.
Тезис № 1. «мРНҚ екпелері «вакцина» салдырғандардың қанындағы мыңдаған жіңішке тамырларды бітеп тастайды.
«Зертханалық жануарлардың бірнеше түріне, соның ішінде маймылдарға клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізілді, жіті (бір рет егілгенде) және созылмалы (көп рет егілген кезде) уыттылығы зерттелді. Бірде-бір жағдайда вакцина салдыру кезінде тромбоз анықталған жоқ, барлық органдар мен тіндерді гистологиялық, микроскопиялық зерттеу кезінде жіңішке тамырлардың «бітелуі» байқалмаған. Микроскопиялық тіндерді зерттеу кезінде жіңішке және ұсақ тамырлардың микротромбиясын көрмей қалу мүмкін емес. Барлық тіркелген вакциналардың клиникаға дейінгі зерттеулер туралы есептерінде мұндай жазылмаған.
40 мыңнан астам еріктіге жүргізілген клиникалық зерттеулерде (Pfizer вакцинасы) тромбоэмболия тіркелмеген. Клиникалық тәжірибеде пациенттер саны миллиардқа жуықтады — доктор Хоффе болжаған әсер жоқ», – дейді профессор Александр Гуляев.
Тезис №2. Чарльз Хоффенің айтуынша, вакциналардың әсері тромбтардың пайда болуына әкеледі: «Мен айтып отырған ұйыған қан микроскопиялық және сканерлеуге жатпайды. Сондықтан оларды тек D-димер тестімен ғана анықтауға болады».
«Дәрігер вакцинацияланғандардың 62%-ында D-димер деңгейінің көтерілгенін анықтады, бірақ қарапайым нәрселерді сипаттамайды: D-димерді анықтауға неше пациент тартылды және қабыну мен тромбтардың қалыптасуының басқа маркерлерінде өзгерістер болды ма. Сонымен қатар, ондаған мың еріктіге вакциналарды клиникалық зерттеулер жүргізілгенде екпе егу кезінде ұқсас жағдайлардың тіркелмегені белгілі», – дейді медицина ғылымдарының докторы Александ Гуляев.
Тезис № 3. «Біреудің қолына егілген вакцинаның тек 25 пайызы ғана сол жерде қалады. Қалған 75 пайызы лимфа жүйесіне сіңіп, ақпараттық РНҚ-ның осы ұсақ пакеттерін сіңіру арқылы қанға енеді».
«Доктор Хоффе бұлшықетке жасалған инъекцияныі сіңу физиологиясын жақсы түсіндіреді: препараттың бір бөлігін егілгеннен кейін сол жерде макрофагтар ұстап қалады, бірақ көп бөлігі лимфа жүйесіне өтеді, онда да макрофагтар, яғни иммундық жүйе жасушалары сіңіреді. Бұған қан ағымының қатысы бар ма? Жңішке тамырлар мен қан тамырларының эндотелий жасушалары вакцинаны сіңіре алмайды, мұндай қасиеті жоқ. Бұл физиологияға қайшы келетін дәлелденбеген мәлімдеме», – деп түсіндірді сарапшы.
Тезис № 4. «Коронавирус жағдайында бұл жабысқақ ақуыз вирустық капсуланың бір бөлігіне айналады. Былайша айтқанда, вирустың айналасындағы жасуша қабырғасының бөлігі. Бірақ мәселе вируста емес. Жасушаңызда. Осылайша, ол тамыр эндотелийінің жасуша қабырғасының бөлігі болады. Тікенек ақуыздардығ тромб тудыруы мүмкін екендігі мәлім»
«Вакцинаның мРНҚ-мен синтезделген спайк ақуыз – бұл вирус ақуызы, бұл адам үшін бөгде ақуыз, оған қорғаныс антиденелері қалыптасады, ол адам жасушаларының қабығына ЕНЕ АЛМАЙДЫ, бұл бөтен зат. Чарлз Хоффе шатастырып отырғаны анық. Жалпы алғанда, жарияланым «ғылымға жақын» терминологияны қолдана отырып, саналы түрде алдау мен арандату сияқты ой қалыптасады», – деп қорытындылады Александр Гуляев.