Фейк: «5G бағаналары қатты радиация шығарады»
Әлеуметтік желілерде 5G форматындағы байланыс бағаналары Интернетке жылдам кіру үшін емес, адамдарды жоғары радиациямен сәулелендіру үшін орнатылатындығы туралы жазылуда. Адамдар вирустар мен бактериялардан емес, осыдан ауырады екен. Бұл жалған.
5G технологиясы салыстырмалы түрде жаңа жоба болса да, жаңа және бұрын белгісіз болған толқындарды пайдаланбайды. Интернетке жылдам кіру және үздік байланыс сапасын Beam Forming, Massive MIMO және басқа да технологиялар есебінен қамтамасыз етіледі. 5G форматындағы байланыс қалай жұмыс істейтіні туралы физик және ғылымды дәріптеуші Дмитрий Побединский өзінің YouTube арнасында егжей-тегжейлі айтып береді.
5G желілерінде әртүрлі диапазондағы радио толқындарын пайдаланылады. Төмен жиілікті 5G 600-850 МГц диапазонында жұмыс істейді. Қолданыстағы 4G байланыс форматы да осы жиілікте қосылады.
Орташа жиілікте 2.5–3.7 ГГц диапазоны қолданылады. Wi-Fi технологиясы да осы жиілікте жұмыс істейді.
Жоғары жиілікті 5G 25-тен 39 ГГц-ке дейінгі диапазонда қолданылады. Ол полиция радарлары мен басқа да құрылғыларда пайдаланылады.
Полиция радарлары мен басқа да құрылғылар да осы жиілікте жұмыс істейді.
Барлық көрсетілген жиіліктердің радио толқындарын радиация деп атауға болмайды. Өйткені, «радиация» сөзі иондаушы сәулелену дегенді білдіреді, мысалы, рентген аппараттарынан шыққан немесе гамма-сәулелер шығаратын сәулелену. Периодтық кестенің кейбір элементтері иондаушы сәулелену көздері болып табылады: уран, радий, плутоний және басқалары.
Радиотолқындар да көзге көрінетін жарық, жылу және микротолқындар секілді иондамайтын сәулелену көздері болып табылады. Яғни, радиоактивті емес және оларды радиация деп атауға болмайды.
Демек, 5G бағаналары адамдарды сәулелендіретіні туралы ақпарат – фейк. Онда иондаушы сәулелену түрлеріне жатпайтын радио толқындар пайдаланылады.