Fake News

Манипуляция: «Өлім-жітім статистикасының өсуі COVID-19 қарсы вакцинацияның басталуымен сәйкес келеді»

Telegram-да өлім-жітімнің артуы COVID-19 қарсы вакцинацияның басталуымен сәйкес келеді деген хабар таратылуда. Вакцинация науқанының өткізілуімен белгісіз себептермен өлім саны күрт өскен екен. Бұл жалған.


Бұған дәлел ретінде осы есептеулердің авторы статистиканың екі түрін келтіреді: АҚШ-тағы тәуліктік вакцинация көрсеткішін және осы елдегі өлім-жітімнің апта сайынғы статистикасын. Бұл ретте автор жалпы кестедегі «Клиникалық зертханалық зерттеулер кезінде анықталған, басқа айдарларда жіктелмеген симптомдар, белгілер және нормадан ауытқулар» деп аталатын бір ғана бағанды қарайды. Кестенің қалған бағандарында өлім себептеріне байланысты деректер ұсынылған.

Енді автор келтірген деректерді қарастырайық. АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинация 2020 жылдың 14 желтоқсанында, яғни жылдың 50-ші аптасында басталды. Бұл аптада кестенің басқа бағандарында көрсетілмеген себептер бойынша өлім статистикасы орташа деңгейден аспайды. Ол 2021 жылдың екінші аптасында ғана 973-тен 1022 дейін өскен. Ең жоғары көрсеткіш – 3 337 өлім жағдайы, жылдың 22-ші аптасында, яғни мамырдың екінші жартысында тіркелген. Бұл ретте сәуірдің бірінші жартысында тәулік ішінде ең көп адам егілген. 
Айта кетейік, деректерді бұлай талдауды дұрыс деп санауға болмайды, өйткені өлім-жітім көрсеткіштері емес, себептері көрсетілмеген өлімнің бір бөлігі ғана салыстырылады. Сонымен қатар, автор өзі келтірген көрсеткіштер «артық өлім» болып табылады деп жазады, бірақ бұл олай емес. Артық өлім – бұл белгілі бір кезеңдегі өлімнің нақты және күтілетін деңгейінің арасындағы айырмашылық. Бұл деректер кестеде көрсетілмеген.
Сонымен қатар, кестеде де, оның сипаттамасында да марқұмның COVID-19 қарсы вакцина алған-алмағаны айтылмаған. Сондай-ақ, вакцинация қайтыс болған адамдарда өлімге әкелетін аурудың туындауына себеп болған-болмағаны туралы да мәліметтер жоқ.
АҚШ-та аурулар мен өлім-жітімнің ресми статистикасы вакцинация науқанымен байланысы барын көрсетпейді. 
Вакцинацияланған адамдар саны ең көп елдерде: Канада, Израиль және Ұлыбританияда өлім-жітімнің жоғарылауы туралы хабарланған жоқ. Мәліметтерге сәйкес, бұл мемлекеттерде ауруханаға жатқызу мен COVID-19 болатын өлімінің төмендегенін көрсетеді.

Демек, жарияланым авторы келтірген деректер манипуляция болып табылады. Ол тәулік ішінде егілген дозалар мөлшерін автор ұсынған кестеде нақты көрсетілмеген көптеген себептерден болған өлім-жітім мәліметтерімен салыстырады. Ресми статистика елдегі вакцинацияланған адамдар саны мен өлім-жітімнің артуы арасындағы байланысты көрсетпейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button