Fake News
Интернетте Magnum дүкендер желісінің атынан фейк хабарлама әлі де таратылуда
WhatsApp желісінде Magnum ірі сауда желісінің жаңа дүкенінің ашылуы туралы ақпарат таратылып жатыр. Пайдаланушыларға сауалнамаға қатысып, ақшалай сыйлық алу ұсынылған.
Бұл ақпарат көктемде жаппай таратыла бастаған. Қазақстандықтар «Сауалнамадан өтіп 75 мың теңге сомасына купон алуға» болатыны туралы хабарламаны бір-біріне жіберіп отырған. Сол кезде компания өкілдері өз сайттарында дүкеннің ешқандай сауалнама өткізбейтінін айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі алаяқтар сайтын бұғаттады. Бұл туралы ақпарат қазақстандық БАҚ-та жарияланған болатын. Дегенмен, адамдар фейк ақпаратты бір-біріне жіберуді тоқтатқан жоқ.
«Көрсетілген хабарламалардың жалған және «Magnum Cash&Carry» ЖШС қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз», – делінген компания сайтында.