Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар – бұл биологиялық қару»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттың қатысушылары COVID-19-ға қарсы вакциналар АҚШ Қорғаныс министрлігінің перспективалық зерттеу жобалары басқармасы – DARPA-ның құпия әзірлемесі деп сендіреді. Сондықтан, Казнет қолданушыларының жазуынша, вакциналарды дәрі емес, қару деп санаған жөн. Бұл жалған.


DARPA агенттігі COVID-19 пандемиясымен күреске қатысуда. Ведомство сайтында олардың мамандары антиденелер негізінде дәрі-дәрмек, ағзаның өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік беретін арнайы сенсорларды және т.б. технологияларды әзірлейтіні жазылған.  Агенттіктің вакциналар әзірлеуге қатысы бар екендігі туралы парақшада айтылмаған.
Сонымен қатар, DARPA агенттігі де, АҚШ Қорғаныс министрлігінің басқа бөлімшелері де әлемде COVID-19 қарсы вакцина әзірлеуші ретінде көрсетілмеген. Бүгінгі таңда әлемнің кем дегенде бір елінде пайдалануға 20 препарат мақұлданған. Олардың атауларын, клиникалық сынақтар мен әзірлеушілер туралы деректерді мына жерден көруге болады.
Тағы 108 вакцина клиникалық сынақ сатысында. Клиникаға дейінгі сынақтардан 184 препарат өтуде. Олар туралы ақпарат ДДСҰ сайтында үнемі жаңартылып отырады. 
Қастандық теориясын жақтаушылар бұған дейін де DARPA агенттігінің «әлемдік қастандыққа» қатысы бар деп мәлімдеген. Олар агенттік 5G сигналдарын қабылдауға және миды басқаруға қабілетті гидрогель ойлап тапты және дәл осындай гель ПТР тестілеу кезінде биоматериал жинауға арналған жиынтықтарға қосылады деген хабарламалар таратқан.

COVID-19 әдеттегі тұмаудан қауіпті емес – манипуляция

DARPA агенттігінің вакцина әзірлейтіні туралы таратылған хабарламада басқа да жалған мәлімдемелер бар. Атап айтқанда, пандемия жоқ, COVID-19 – бұл маусымдық тұмауға ұқсас ауру, ал ПТР сынақтары тиімсіз. Мұның бәрі жоққа шығарылды.

COVID-19 әдеттегі тұмаудан қауіпті емес – манипуляция

Демек, хабарламада көрсетілген ақпарат – фейк. DARPA-ның COVID-19 қарсы вакциналарды әзірлеуге қатысы бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Пандемия жоқ, КВИ қауіпті емес, ал ПТР сынақтары сенімсіз деген тезистер – COVID-диссиденттердің өз көзқарастарын қорғау әрекеттері ғана. Олардың барлығы ғылыми фактілерге қайшы келеді және ешқандай дәлелдері жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button