Fake News

“Екібастұз жылу энерго” №4 қазандықтың істен шыққаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Екібастұз жылу электр орталығында №4 қазандықтың істен шыққаны туралы желіде таралған видеоны Екібастұз жылу энерго теріске шығарды. Компанияның бас директоры Павел Мельничук жағдайдытүсіндіріп өтті.

Ол видеода №4 қазандықтың істен шыққаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

– Станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр, он қазандықтың алтауы істеп тұр. Олардың үшеуі сумен жылытылады, үшеуі энергетикалық. Қазандықтарды бесіншіден бастап санаймыз. Төртінші қазандық 2000 жылдардың басынан бері пайдаланылмайды, – деді Мельничук.

“Екібастұз жылу энерго” бас директоры қазақстандықтарды желіде тараған қауесеттерге сенбеуге шақырды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button