Fake News

Фейк: «Желіде COVID-19 қарсы вакциналардың сапасы төмен екендігіне дәлелдер тарады»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Еуропалық дәрілік заттар агенттігінің серверлеріне жасалған хакерлік шабуылды талқылауда, оның нәтижесінде бүгінгі күні қолжетімді COVID-19 қарсы вакциналардың бірін шығарған Pfizer және BioNTech компанияларының құпия хат алмасуы желіге тараған. Қолға түскен құжаттар дәрі-дәрмектің тиімділігі өте төмен екенін көрсетеді.

Хакерлік шабуыл туралы 2020 жылдың 9 желтоқсанында ұрланған құжаттар сенімді пайдаланушылар арасында байланыс орнатуға болатын Даркнет жасырын желісінде жарияланған кезде мәлім болды.
11 желтоқсанда Еуропалық дәрілік заттар агенттігі өзінің ресми сайтында шабуылды тергеу басталғаны туралы хабарлады. 
18 және 22 желтоқсанда агенттік тергеу барысы туралы есеп жариялап, оған мемлекеттік құрылымдар мен уәкілетті органдар тартылғанын жеткізді.

Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында Еуропалық дәрілік заттар агенттігі шығарған баспасөз хабарламасында «жарияламас бұрын, қылмыскерлер хат-хабардың бір бөлігін вакциналарға деген сенімге нұқсан келтіруі мақсатында өзгертілгені» айтылған. 
25 қаңтарда агенттік хакерлер таратқан деректердің нақты қалай өзгертілгені туралы қосымша мәліметтермен бөлісті.
«Жарияланған материалдарды мұқият зерттеудің нәтижесінде, барлық құжаттардың тұтас, түпнұсқа түрінде жарияланбағаны анықталды, олар контекстен үзіп алынған болар. Жеке электронды хаттар түпнұсқа болғанымен, әр түрлі қолданушылардың деректері іріктеліп, біріктірілді, бірнеше папкадан және пошта жәшіктерінен скриншоттар жасалған, сондай-ақ, қылмыскерлер қосымша тақырыптар қосып жазған, бұл вакциналарға деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін», – делінген баспасөз хабарламасында. 
Қазіргі кезде тергеу жалғасуда.
Сонымен қатар, Pfizer және BioNTech компанияларының өкілі «бұл оқиғаға байланысты BioNTech немесе Pfizer жүйелерінің ешқайсысы бұзылған жоқ және зерттеуге қатысушылардың ешқайсысы алынған мәліметтер арқылы анықталмаған» деп хабарлады. 
Айта кетейік, Pfizer және BioNTech әзірлеген COVID-19 қарсы вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген. 
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, елде күн сайын шамамен 1,49 миллион адам вакцинацияланады, оның ішінде Pfizer/BioNTech вакцинасы да егіледі. 
Қазіргі кезде халқының көп бөлігі вакцинацияланған ел – Израиль. Онда тұрғындардың 60%-ы COVID-19 қарсы вакцина алды.
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы егу науқаны Ресейде шығарылған «Спутник-V» вакцинасымен жүргізілуде. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button