Әкімдік Баталов туралы жалған ақпаратқа жауап берді
Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
“Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл бөлген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін. Ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке тең еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым”, – деп жазды әкім.
Ол жұмысқа кірісіп, індетпен күресті жалғастыратынын айтты. Баталовтың айтуынша, дерттің бетін қайтару үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару керек.
Еске сала кетсек, маусым айының соңында Алматы облысының әкімі коронавирус инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Дерттің асқынуына байланысты дәрігерлер Амандық Баталовты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызу туралы шешім қабылдады.